Музей-қорық 2019 жылдың 27 желтоқсаны күні облыстық Достық үйі-қоғамдық келісім орталығы ұйымдастырған «Шығыс Қазақстан облысын мекен ететін халықтар мен ұлыстардың мәдениеті» атты көрмеге қатысты. Ол Шығыс Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің 2019 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы мен 2020 жылға арналған міндеттер баяндалған кеңейтілген мәжіліс еді. Онда қазақ халқының мәдениеті киіз паннолар, қымыз сақталатын торсық, жол жүргенде ыдыстарды салып, алып жүретін жолқап (сандық) арқылы көрсетілді. Ал орыстардың, украиндар мен белорустардың халық шығармашылығы сүлгілер, рушниктер және майлықтар арқылы паш етілді. Көрмеге сондай-ақ, корейлердің, әзірбайжандардың, немістер мен татарлардың бұйымдары да қойылды. Халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімі музей-қорық қорынан алынған және ұлттық нақышты айқындайтын, десе де заманауи үлгіде жасалған жұмыстарды ұсынды. Атап айтқанда, олар: киізден, қоғадан, жіптерден жасалған бұйымдар, сондай-ақ, металдан жасалған шекімелер мен ағаштан күйдіріліп жасалған дүниелер.
Кеңес отырысында Қазақстан халқы Ассамблеясы ШҚО хатшылығының меңгерушісі Жанна Асқарова құттықтау сөз сөйледі. Семей қаласындағы «Қалалық Достық үйі» КМҚК-ның жұмысы туралы оның директоры Надежда Шарова әңгімеледі. Сонымен қатар онда ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының басқа ұйымдарының өкілдері де сөз алды.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі
Суретті түсірген Сергей Суров
< Предыдущая | Следующая > |
---|