• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Рождество – жақсы үміттер мерекесі. 2020

Рождество – жақсы үміттер мерекесі. 2020

  Музей-қорық облыстық Достық үйімен және облыстық славян мәдениеті қоғамымен бірлесіп, 7 қаңтар күні облыстық Достық үйі-қоғамдық келісім орталығында христиандардың Рождество Христово мерекесіне арналып  ұйымдастырылған іс-шараға қатысты.

Мереке басталар алдында Достық үйінің фойесінде музей-қорықтың орыс этнографиясы бөлімінің қызметкерлері жиналғандарды хороводқа қатысуға шақырды. Дәл осы жерде сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің ұсынуымен қолданбалы өнер шеберлері «Белая сова» шығармашылық бірлестігімен бірге өздерінің халықтық мәнердегі өнімдерін шығарды. Аталған бөлім қызметкерлері мереке сахнасын безендіріп, сценарийін жазуға ерекше атсалысқанын атап өткен жөн. Одан кейін үлкен залда «Бастеньки» фольклорлық ансамблінің мүшесі Наталья Сабитова мен орыс этнографиясы бөлімінің меңгерушісі Александр Яковлевтің жетекшілігімен концерт бастау алды. Концертте республикамыз бен өлкемізді мекен ететін сан түрлі ұлыстардың мәдениеті паш етілді. Қазақстан халқы Ассамблеясы Шығыс Қазақстан облыстық хатшылығының меңгерушісі Жанна Асқарова өз  құттықтауында барлық адамдардың достық пен өзара түсіністікке ұмтылатыны жайлы айтып өтті. «Рождество – жақсы үміттер мерекесі, - деді ол, -  өйткені, ол барлық ізгі ниетті адамдарды тек қана татулыққа ұйыстырады». Жиналған қауымға сонымен қатар Өскемен және Семей епархиясының дін қызметшісі Константин мен РФ-ның Өскемендегі Бас Консулдығының вице-консулы Николай Тищенко да құттықтау сөз арнады. Концертте  балалар мен жасөспірімдердің  «Арабеск» үлгілі ансамблі мен облыстық Достық үйінің «Вдохновение» вокалды ансамблі, сондай-ақ, Өскемен қаласындағы Свято-Покровск шіркеуінің хоры, орыс дәстүрлі  мәдениетінің  «Бастеньки» ансамблі, Глубокое ауданындағы Секисовка ауылының «Весняночка» ансамблі және басқа да шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті. Мереке көңілді әрі танымдық деңгейде өтті. Оған  музей-қорық қызметкерлерінің де қатысуы музейдің  Қазақстан халқының бірлігі мен этникалық жағынан қорғалуына негізделген этнографиялық қызметінің бірден-бір мысалы болса керек.

 

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

Суретті түсірген Сергей Суров.

                                              

 


 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …