• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Мы любим, зимушка, тебя, и санки, и каток!

Мы любим, зимушка, тебя, и санки, и каток!

14 қаңтар күні ескі жаңа жыл музей-қорықтың Солжағалық кешенінде  ән-бимен және тамаша хороводпен аталып өтілді. Қысқы мерекенің бағдарламасын орыс этнографиясы бөлімі ұйымдастырды. Жиналғандарды директордың көрме-экспозициялық жұмыс жөніндегі орынбасары  Евгения Рахматулина құттықтады.

Жалпы, кешеннің осынау бір бағы қалалықтар үшін бірден-бір сұранысқа ие орын болып табылады. Қалалықтар мұнда балаларымен бірге мұз айдынында жүйткіп, арнайы тұрғызылған қар-таудан сырғанақ тебуге келеді. Сондай-ақ, мереке және демалыс күндері кешен ішінде ат-шанамен серуендеуге де мүмкіндік мол. Міне, енді кешендегі ұшақтар тұрған аумақ   маңында әткеншек орын тепті. Ерекше тұрпатты бұл әткеншек ежелгі дәстүр бойынша жасалған, өйткені, оны келушілердің өздері тербетеді. Мерекеге жиналған  адамдардың әткеншекте тербелген сәттегі көңіл күйін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бұл кезде мұз айдынына келгендер қатары да көбейе түсті. Бұған қоса жалға беру орны жұмыс істеп тұрса, қалай ғана қыс қызығына бөленбеске! Жалға беретін орыннан коньки де, таудан сырғанайтын стюб та алуға болады. «Бізге бұл жер өте ұнайды! – деп өз қуанышымен бөлісті мерекеге жұбайымен және қызымен бірге келген Светлана  Григорьева. – Солжағалық кешеннің дәл осындай тамаша демалыс орнына айналғаны көңіл қуантады».

Музей-қорықтың баспасөз қызметі

Суретті түсірген Алексей Мазницын.

 

                     

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …