ШҚО білім басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы» КММ «Абай Құнанбайұлының әлемі» тақырыбында онлайн сабақ өтті. Оған музей-қорық қатысты.
Интерактивті сабақ 2020 жылдың 20 ақпанында әдеби-музыкалық композиция пішімінде және қазақ, орыс, ағылшын, неміс тілдерінде өтті. Оған «Өскемен қаласының №38 мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесінің оқушылары мен оқытушылары қатысты. Абайдың өмір сүру уақытын бейнелеу үшін, музей-қорықтың қорды есепке алу және сақтау бөлімінің қызметкерлері киіз үйдің ішкі көрінісінінің үзіндісімен экспозиция жасады. Киіз үйдің қабырғалары қолмен кесте салынған кілемдермен безендірілген, мұнда сондай-ақ, қазақтардың күнделікті өмірде қолданған ыдыс-аяқтарын сақтауға арналған дорба - аяқ-қап, үлкен керуендерде жүктерін көтеру үшін түйелерге асатын жол дорба - қоржын және басқа да заттар орналастырылған. Музей қорладарын сақтаушылар сандыққа құран мен таспиқты салып, киіз үйдің ортасына дөңгелек ас-шай дастарханын жайды. Көрменің арқасында интерактивті сабақ Абай Құнанбайұлы және оның отбасы өмір сүрген жағдайдағыдай өтті. ШҚ облыстық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы директорының орынбасары Бұлбұл Қозыбаева музей-қорық жәдігерлер ұсынған үшін алғысын білдірді.
Онлайн режимдегі «Абай Құнанбайұлы әлемі» сабағына облыстың барлық аудандарының 9-11 сынып оқушылары қатыса алатын мүмкіндік болды. Сабақтың мақсаты - Қазақстанның көрнекті ағартушысының ғылым мен мәдениетке қосқан үлесін анықтау, оқушылардың Абай Құнанбайұлының патриот, азамат, ақын және ойшыл ретіндегі тұлғасының маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейту болды.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі
Сергей Суровтың суреті
< Предыдущая | Следующая > |
---|