• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Онлайн тәртібіндегі жұмыс жалғасуда.

Онлайн тәртібіндегі жұмыс жалғасуда.

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығы COVID-19 пандемиясына байланысты орын алған карантин кезінде де өзінің ағарту һәм білім беру қызметін тоқтатқан жоқ.

 Көрме залдарының есіктері жабық. Алайда, сайтта, Инстаграм мен  YouTube-нің бейнехостингінде онлайн тәртібінде белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Музейдің ғылыми қызметкерлері әлеуметтік желілерді қолданушыларды көрмелермен, тұрақты экспозициялармен, сондай-ақ, музей-қорықтың қор топтамаларындағы жәдігерлер тарихымен таныстыруда.

Мұндай жұмыстарға облысымыздың қолөнершілері де тартылуда. Олар әртүрлі онлайн-шеберлік дәрістерін өткізіп келеді. Мәселен, Семей қалалық «Айша бибі» қазақ ұлттық мәдени орталығының төрайымы Айман Боқпасарова киіз кілем – текемет жасаудың жолдары бойынша, семейлік тағы бір қолөнер шебері  Кәмшат Әбделдинова киіз басу бойынша шеберлік дәрісін өткізді.

Бұған қоса музей-қорықпен көп жылдардан бері әріптес болып келе жатқан облыстық Достық үйі жанындағы этномәдени бірлестіктер  өкілдерінің облыс пен қала халқына үндеуі жазылып алынды. Онда карантин кезінде әркім өз үйінде қалып, қызғылықты істермен, атап айтқанда, кітап оқумен, сурет салумен, тіпті, тіл үйренумен айналысуға шақырылды. Сондай-ақ, ҚАЕУ колледжінің студенттері де онлайн тәртібінде тәжірибеден  өтті. Экскурсия жүргізуші болуға дайындалып жүрген студенттер музей-қорыққа көмектесіп, шағын экскурсияларды бейнежазбаға түсіруде.

Музей-қорық республика мен қала өміріндегі маңызы бар атаулы  күндерді де ешқашан ескерусіз қалдырмайды. Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған этновикторина соған дәлел болатындай.  Сонымен қатар Өскемен қаласының 300 жылдығына орайластырылған «Бұл біздің тарихымыз» атты суретті викторина да шығарылып отыр.

 Музей-қорықтың баспасөз қызметі



   

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …