• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Ағаш отырғызу жалғасуда!

Ағаш отырғызу жалғасуда!

2020 жылдың 29 сәуірі күні облыс әкімі Даниал Ахметов Өскемен қаласын аралаған жұмыс сапары барысында Жамбыл атындағы саябақта болды. Бұл кезде саябақта ағаш отырғызылып жатқан еді. Ол шаруаға Даниал Кенжетайұлы да араласып, ағаш отырғызды.

Бір айта кетерлігі, музей-қорықтың барлық қызметкерлері, сондай-ақ, облыс әкімімен бірге жүрген әкімдік пен мәслихат қызметкерлері бетперде киіп, карантин жағдайына байланысты өзара қашықтық сақтау ережесін ұстанды. Отырғызуға арналған материалдар, атап айтқанда, қылқан жапырақты және жапырақты ағаштар Марқакөл тәлімбағынан, Риддер қаласынан, сонымен қатар Риддер ботаникалық бағынан әкелінді.Бұл күндері саябақта 400-ге тарта көшет отырғызу жоспарлануда. Музей-қорықтың музейтану, ашық аспан астын абаттандыру бөлімінің жұмысшылары жаңа көшеттер отырғызуға дайындық барысында 100 кәрі ағашты кесіп, алып тастады. Олар емен, үйеңкі және басқа да көп жылдан бері келе жатқан саясы аз ағаштар, сондай-ақ, олардың кез келген уақытта саябақта тынығып жүрген адамдардың басына құлауы мүмкін еді. Жамбыл саябағы карантин біткен соң қалалықтарды жаңа отырғызылған ағаштардың жап-жасыл жапырақтарының сұлу сыбдырымен қарсы алатын болады. Құрметті қалалықтар мен қала қонақтары, бұлардың бәрі сіздердің еркін тыныстай демалуларыңызға бағытталған.

 

Музей-қорықтың баспасөз қызметі

Суретті түсірген Алексей Мазницын


   

                               

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …