Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз!
Бірінші мамыр 150 жылдан астам уақыттан бері бүкіл әлемде мереке ретінде аталып өтіліп келеді. Әу баста ол Англияның колонияларында, сонымен қатар Америка континентінде де Еңбек күні деп аталды. 1856 жылғы сәуір айының соңында австралиялық жұмысшылар 8 сағаттық жұмыс күнін енгізуді талап еткен шерулер мен жиындар ұйымдастырды. Бұл бастаманы Канада мен АҚШ-тың жұмысшы қозғалыстары, одан соң Ескі Еуропаның еңбекшілері іліп әкетті. Мұндай шерулер биліктегілердің қарсылығын туғызды. 1889 жылы адал еңбек ететіндердің барлығының ынтымақтастығын халықаралық деңгейде көрсетуге шешім қабылданды. ІІ Интернационалдың Париж конгресі бұл қаулыны қабылдады.
Бұл күн Кеңес Одағында жарты ғасырдан астам уақыт көлемінде еңбекшілердің халықаралық ынтымақтастық күні ретінде аталып келді. КСРО ыдырағаннан кейін Ресей Федерациясы оны «Көктем мен еңбек мерекесі» ретінде атап өтеді. Қазақстан халқы барлық ұлттардың мәдениетіне, дәстүрі мен салттарына асқан құрметпен және өзара түсіністікпен қарап, тату-тәтті өмір сүріп келеді. 1 мамыр – Қазақстан халқының, осы жерде өмір сүріп, еңбек етуді қалайтындардың барлығының бірлігі күні. Бұл туралы музей-қорық қызметкерлері өздерінің бейнеэкскурсияларында әңгімелейді. Бізді YouTube арнасынан көріңіздер. Сіздерге тек жақсылық пен мейірімділік серік болсын! Отбасыларыңызға мықты денсаулық және амандық тілейміз.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі
< Предыдущая | Следующая > |
---|