Музей-қорықтың Солжағалық кешеніндегі Үлкен павильонда «Жылқы және салт атты. Ғасырлар тереңінен көз салғанда» - еуразия даласындағы көшпенділер тарихындағы жылқылардың рөліне арналған көрмені ашуға дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Көрменің мақсаты – Қазақстандағы салтаттылық мәдениеттің басты аспектілерімен, көшпенділердің тарихи үдерістегі жылқы жануарының қасиеті жайлы дүниетанымымен (ботай мәдениетінен бастап қазірге дейінгі) кешенді танысу.
Келушілер көрмеде мазмұнды ақпараттық материалдармен және археологиялық олжалармен танысады. Сондай-ақ, балаларға арналған интербелсенді аймақ жасау да қарастырылған.
Ашылу мерзімі жайлы қосымша хабарланады.