1 маусымда бүкіл әлем жұртшылығы Халықаралық Балаларды қорғау күнін атап өтеді. 1949 жылдың қарашасында әйелдердің халықаралық демократиялық федерациясының арнайы сессиясында аталған мерекені атап өту туралы шешім қабылданған болатын.
Біріккен Ұлттар Ұйымы бұл бастаманы қызу қолдап, балалардың құқығын, өмірі мен денсаулығын қорғауды өз қызметінің басым бағыттарының бірі деп жариялады.
Балаларды қорғау күні – ерекше жарқын әрі өте жағымды мереке. 1 маусымда музей-қорықтың Солжағалық кешеніндегі барлық қақпалар ашық болады. Атап айтқанда, олар 15 жасқа дейінгі балалар үшін тегін, тек паровозбен қыдырыстауға ғана төлем жасалады. Жалпы, аталған саябақтарда болып жүрген адамдар оның ішінде жаяу қыдыру ерекше ғажап екенінен хабардар болса керек. Коронавирусқа орай орын алған пандемияға байланысты келушілердің ара қашықтықты сақтап, бетперде киюлерін өтінеміз.
Келе жатқан мереке құтты болсын, қадірлі достар!
Музей-қорықтың баспасөз қызметі