2020 жылдың 13, 14 маусымында, демалыс күндері Өскемен қаласының қолөнершілері Солжағалық кешенге келушілер үшін шеберлік дәрістерін жалғастырды.
Мәселен, сенбі күні Людмила Кузнецова қап тігетін кәдімгі кенептен үйде жайлылық орнататын әдемі үй әулиелерін жасау жолдарын көрсетті.
Жексенбі күні Наталья Баженова да қоға өру әдісін көрсетсе, Алёна Кузьмина мен Флёра Камаева көріп, танысқысы келетін адамдарға күдеріден білезік өрудің қыр-сырын үйретті. Орайы келгенде айта кетер нәрсе сол, бұл күндері Солжағалық кешендегі Шеберлер қалашығына ересектер де, балалар да молынан келді. Әсіресе, балалар шеберлермен бірігіп істеген дүниелерге таңдай қағысып, тіпті, өздері де шеберлер сияқты еңбектенді.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі
Суретті түсірген Алексей Мазницын
< Предыдущая | Следующая > |
---|