• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Өскемен қаласының 300 жылдығына орай

Өскемен қаласының 300 жылдығына орай

Музей-қорықта қала тарихына қатысты көптеген бұйымдар сақталған.

Атап айтқанда олар: өткен 100 жыл бедерінде қала туралы жазылған сирек кітаптар, живописьтік туындылар және шаһар бейнеленген фотосуреттер. 

Олардың қатарында ерекше дарын иесі болған суретші-акварельші Ш.Ы. Ыбыраевтың (1928-1993) живопистік жұмыстары молынан кездеседі.  Мамандығы бойынша қаржыгер болған ол ұзақ жыл Шығыс Қазақстан облыстық қаржы басқармасын басқарды, халық депутаттары облыстық Кеңесінің (1975 жылдан бастап) депутаты және облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамы жанындағы кеңестің, сондай-ақ, Өскемен қаласындағы әуесқой-суретшілердің «Самородок» атты клубының мүшесі болды. Қазақ КСР-і еңбекшілерінің көркемөнер шығармашылығы фестивалінің (1976), 1941-1945 жылдарғы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 40 жылдығына арналған (1985) Бүкілодақтық көркемөнерпаздар байқауының лауреаты. 1957 жылдан  бастап облыстық,  республикалық және бүкілодақтық көрмелердің экспоненті.

Музей-қорықта Шәңгерей Ыбыраевтың 1954 – 1985 жылдар аралығында дүниеге келген 40 туындысы сақталған. Олардың жартысына жуығы ескі Өскемен мен оның маңайын көрсетуге бағытталған пейзаждар. Суретші ол  жұмыстарды жазу барысында нақты тарихтан ауытқымау үшін төңкеріске дейінгі, атап айтқанда, 1909-1910 жылдары жергілікті өнеркәсіпші Стефан Горловтың баспаханасынан шыққан ашықхаттарды, тағы бір бөлігінде ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы архивтік фотосуреттерді негізге алған. Шәңгерей Ыбыраевтың шығармашылығында өлкелік тақырыптардың молынан орын алуына оның досы, тарихшы-мұрағатшы Станислав Евгеньевич Черныхтың ықпалы ересен болды. Музей-қорық акварель шеберінің көптеген жұмысына ие.

Музей-қорықтың баспасөз қызметі

Суретті түсірген Алексей Мазницын

                  

 

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …