• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Балалардың сол бір соғыс жайлы білуі үшін…

Балалардың сол бір соғыс жайлы білуі үшін…

2020 жылдың 24 маусымы күні, 1945 жылы Мәскеудегі Қызыл алаңда Кеңестер одағының фашистік Германиямен болған соғыстың аяқталуы құрметіне өткен шеру күні музей-қорықтың ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің қызметкерлері Солжағалық кешеннің әскери қалашығы аумағында

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Жеңіс жолымен» атты квест өткізді. Квестің қатысушылары Көшбасшылар клубының балалары болды. Пандемияға байланысты олардың саны көп болған жоқ, бар-жоғы 10-ақ адам болды. Квест Ұлы Отан соғысының қарулары тұрған аллеяда бастау алды. Негізінен ұлдардан құралған балаларға үшбұрышты  жабықхаттар таратылды. Соғыста, майданның қызған кезінде маркалар мен конверттер табу мүмкіндігі болмай, қағаз тапшылығы орын алған шақтарда бәрін де хат ретінде қолданған. Ол кәдімгі дәптердің беті, орама қағаздың бір пұшпағы немесе тіпті, папирос қорабы да бола беретін. Бұдан кейін балаларға дәл соғыс  жағдайындағыдай, келесі жағаға шығу керек болды. Олар одан соң   жертөлелер қазылған павильонды бетке алды. Бұл жерде музей-қорықтың әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі әдіскерлері Юрий Ачинянц пен Қанат Хамзин  «Катюша» мен Ұлы Отан соғысы кезіндегі атақты қарулар жайлы әңгімелеп берді. Әдіскер Владимир Щеглов квестке қатысушылар назарына  ұлы қырғынның ең бір шешуші кезеңдері өткен Курск иінінің панорамалы көрінісін ұсынды.  Владимир Вадимович балаларға аталған иіндегі қырғынға Шығыс Қазақстанның 120-ға тарта сарбазы мен офицері қатысқаны туралы деректер келтірді. Сонымен квест Жеңіс павильонында аяқталды. Осы жерде аталған ойынға қатысқаны үшін Көшбасшылар клубына музей-қорық әкімшілігі атынан грамота тапсырылды.

– Мен бұл соғыс жайлы тым аз білемін, - деді төртінші сынып оқушысы   Георгий Кириленко. – Бірақ ол жайлы көбірек білгім келеді.  Менің ұлы атам Георгий Колышкин соғысқа қатысқан. Біз ендігі жерде  соғыс дегенге жол бермейміз ғой, иә?

Баланың осы бір сұрағы жан толқытты. Шынымен де, үнемі бейбіт аспан астында өмір сүру үшін сол бір соғыс туралы ұмытпауымыз керек болар.

Музей-қорықтың баспасөз қызметі

                                       

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …