2021 жылдың 23 маусымында Қазақстан Республикасының Полициясы күні және Мемлекеттік қызметшілер күні М. Горький, 59 көшесіндегі Шығыс Қазақстан облыстық музей-қорығының тұрақты экспозиция залдарында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшыларымен кездесу өтті. Департамент өкілдері қазақ этнографиясының қолданыстағы экспозициясымен, сондай-ақ «Ұмай – бабалар мұрасы» халықаралық көрме арт-жобасымен танысты. Мереке құрметіне қонақтарға музей-қорықтың тарихы туралы кітап пен «Қазақтың зергерлік әшекейлері. XVIII ғасырдың екінші жартысы - ХХ ғасырдың ортасы» атты альбом сыйға тартылды.
Қонақтар алғыс айтып, алдағы уақыттағы ынтымақтастыққа үміт білдірді!
Музей-қорықтың баспасөз қызметі
< Предыдущая | Следующая > |
---|