2021 жылғы 4 шілдеде Астана күні қарсаңында Солжағалық кешеннің Этноауылында батпырауықтар, кайттар және модельдік ұшақтар ұшырылды. Бұл «Ұлы Жібек жолы» халықтарының батпырауықтарды ұшыру дәстүрлерін насихаттау, сондай-ақ батпырауықтың құрылу және даму тарихына оралу мақсатында жүргізілді.
Жас техниктер станциясының авиамодельші-оқытушылары Сағындық Жұмағалиев пен Андрей Жиляков, сонымен қатар олардың тәрбиеленушісі, V-3-P сыныбы бойынша Республикалық жарыстың жеңімпазы және «залды пилотаждық модельдер» санатының ІІ орын иегері – Егор Кокоткин көрнекі өнерлерін көрсетті.
Мұнда каратэ-до стилінде «Лотос» клубының (жаттықтырушысы Н.Н.Назыров) өкілдері өнер көрсетті. Бұл қарапайым каратэнің жапондық философия-педагогикалық нұсқасы, ол байланыссыз каратэні білдіреді.
Батпырауық - кайт (ағыл. kite) адамның суда да, жерде де қозғалуы үшін қозғаушы күш ретінде қолданатынын айта кеткен жөн. Kitesurfing сөзбе-сөз «kite» - батпырауық және" «surfing» - соқпа толқында сырғанау деп аударылады. Оның бастауы классикалық сёрфинг және виндсёрфинг болды. Алайда, бүгінде кайтпен қармен де, сноубордпен немесе шаңғымен, жерде роликтермен немесе бортпен жүреді (ағылшын тілінен «board» - тақта).
Бұл күні ең кішкентай көрермендер музей-қорық берген батпырауықтарды ұшыра алды. Көрермендердің аз болғандығына қарамастан, олар үшін Астана күніне арналған концерт қойылды. «Атамұра» ансамблі мен көркемдік жетекшісі Ерболат Сәдуақасұлының орындауында халық әндері шырқалды.
Сонымен қатар, Үндістанның, Орта Шығыстың және Солтүстік Африканың музыкасын қолдана отырып, араб, азия және африка елдерінің билерінің араласуын көрсететін AMАTERASU трайбл-тобы өнер көрсетті. Ансамбль құрамында орыс этнографиясы бөлімінің қызметкері Ирина Шувалова болды. Бұл мереке музей-қорықтың халықтар және аз санды этнотоптар этнографиясы бөлімімен, бөлімнің аға ғылыми қызметкері Гүлнар Бекбердинованың жетекшілігімен, бөлім қызметкерлері Мирхат Шәмшиевтың және бөлім меңгерушісінің міндеттерін уақытша орындаушы Назым Шайзанованың қатысуымен ұйымдастырылды. Аппаратура жағынан Айжан Сайлаубекова көмектесті.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі
Сергей Суровтың фотосуреттері
< Предыдущая | Следующая > |
---|