• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Самал саябағында велотрек ашылды! 2021

Самал саябағында велотрек ашылды! 2021

2021 жылдың 9 қазанында Самал саябағында велотрек салтанатты түрде ашылып, велосипед спортынан жарыс өтті.

Талдықорған қаласынан келген велосипед жарыстарындағы ВМХ бағытының өкілі Евгений Яковлев велотрек жасап және осындай жарыстарды ұйымдастыру мүмкіндігін бергені үшін қала және облыс басшылығына алғысын білдірді. Өскемен қаласының велосипед жарыстары бойынша жаттықтырушысы Андрей Нитяжуктың пікірінше, Самал саябағындағы велотрек – бұл велосипед спортының әуесқойлары үшін түрлі жарыстар өткізудің бірегей мүмкіндігі. Мұндай велотректер Қазақстанда тек Астана мен Алматыда ғана бар деді жаттықтырушы.  Ал қыста мұнда сноуборд және велосипед тебуге болады дейді Андрей Васильевич.

Сондай-ақ велотректің ашылу салтанатында Шығыс Қазақстандағы велосипед спорты федерациясының президенті Елена Нитяжук сөз сөйледі.

Артынша велосипед жарысы өтті. Оған қыздар да қатысты. Жарыста бірінші болып алматылық Екатерина Степанова келді. Екінші және үшінші орындарды сәйкесінше өскемендіктер Елизавета Никифорова мен Камила Салықбаева иеленді.

Жарысқа қатысушылардың барлығы Өскеменде велотрек пайда болғанына бек разы. Саябақ аумағында футбол ойнауға болатын стадион және балаларға арналған шағын ойын нысандары бар. Мұнда керемет жаяу жүргіншілер жолдары төселген және күн сайын онымен скандинавиялық серуендеуді ұнататындар жүреді. Самал саябағы маңайдағы шағын аудан тұрғындары үшін ғана емес, барлық қала тұрғындары үшін сүйікті демалыс орнына айналды. Оған 261, 33, 17, 47 автобустарымен және «Самал саябағы» немесе «Меркурий дүкені» аялдамасына дейін басқа бағдарлармен жетуге болады. Ертіс жағалауындағы Өзен вокзалынан Самал саябағына дейін жүретін теплоходпен де баруға болады.   

Музей-қорықтың баспасөз қызметі

Фото Алексей Мазницындыкі

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …