Музей-қорықтың ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің әдіскерлері Марина Борисенко, Сәуле Жүнісова және Юлия Курдакова № 10 мектептің мектепалды сыныбын Қасым Қайсенов көшесі,67 үйдегі «Орыс үйі» залында орыс шаруаларының тұрмысымен таныстырды. Бөлім қызметкерлері балаларға орыс фольклоры – хороводтар, әндер, жар салу дәстүрі туралы айтып берді. Содан кейін балалар дайын пазлдардан ұлттық костюмдегі орыс қызын жинап құрастырды.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі
Фото Алексея Мазницындыкі