2021 жылдың 22 қарашасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында ақпараттық-білім беру бөлімінің мамандарымен (Ш.М. Карибаева, А. А. Асыл, О. М. Байгунусова) "Богатырлар мен батырлар еліне саяхат"атты танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шараға Өскемен қаласының №12 орта мектебінің 5-6 сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында оқушылар қазақ және орыс халқының эпостарының, аңыздарының, былиналардың кейіпкерлерімен танысты. Богатырлар мен батырлардың қарулануы, олардың өз отанын қорғаудағы ерліктері қарастырылды.
< Предыдущая | Следующая > |
---|