2022 жылғы 22 маусымда Өскемен қаласының Қ. Қайсенов атындағы саябағында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында және Президент жариялаған Балалар жылына орай қолөнер шығармашылығының "Шығыс кәдесыйы" атты кезекті фестиваль-конкурсы болып өтті, онда қала әртістерінің қатысуымен концерт, "Шығыс кәдесыйы" республикалық конкурсы жеңімпаздары жұмыстарының көрмесі, кәдесыйлар мен бұйымдар жәрмеңкесі, қолөнершілердің шеберлік дәрістері, атап айтқанда, 12 түр бойынша: қазақ дәстүрлі қолөнері бойынша: тоқу, кестелеу, ши тоқу, қамшы өру, арқан ширату; стильдендірілген орыс тоқымасы, орыстың қоғадан жасалған дәстүрлі тоқымасы, саздан жасалған кәдесыйларды мүсіндеу, қыш құмыралар мен ыдыстарды дәстүрлі нақышта мүсіндеу, ағашқа ою салу және бояу, киіз басу, құрақ құрау бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге 20-ға тарта шебер қатысты. Қатысушылардың негізгі бөлігі - конкурсқа қатысуға өтінім берген 35 адам.
Төраға бастаған, бес адамнан тұратын қазылар алқасының мүшелері: Р.Ә. Төлемісова - мәдениет басқармасы басшысының орынбасары, А.Ы. Боқпасарова – қолөнершілер ресурстық орталығының Семей қаласы бойынша үйлестірушісі, Р.А. Бобровская – Қ. Нұрғалиев атындағы колледждің оқытушысы. Б.К. Исин – кәсіби суретші, қолданбалы өнер шебері, И.А. Бжицкая – ШҚО өнер музейінің бас қор сақтаушысы. "Дәстүршілдік" аталымында: И. Самойлова (Алтай қ.), Н. Хабарова (Өскемен қ.) және А. Шатунова (Риддер қ.), "Инновациялылық" аталымында: О. Бекқали (Самар ауд.), З.П. Быкова, М.Н. Туров, "Кәсіпкерлікте": Г.Д. Қожамжарова, Ш.А. Камбышева, Ж.Қ. Айтмұхаметов; "Қолөнершілікті дамытуға қосқан үлесі үшінде" - К. Әбделдинова (Семей қ.), "Жас шеберде": Д. Көжебаев (Күршім ауд.), А. Кузьмина (Өскемен), "Жас қолөнершіде" Ә. Әсетұлы (Новобаженово кенті) жеңіске жетті.
Барлық жеңімпаздарға дипломдар, сыйлықтар және гүл шоқтары табысталды. Келушілер саны 200 ден аса адам.