2023 жылғы 17 ақпанда ғалым, публицист, қазақ мәдениетінің білгірі, мәдени революцияның белсенді қатысушысы, талантты ұйымдастырушы, КСРО-ның көрнекті мемлекет қайраткері, Қазақ КСР - нің 1-ші ағарту халық комиссары Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына арналған дөңгелек үстел отырысы өтті.
Шақырылған спикерлер: Т.К.Жүргенев атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры – Шаймерденова М.Д. «Темірбек Жүргенев – үш республиканың ағарту Халық Комиссары, Қазақстанның білім, ғылым және мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының негізін қалаушысы» баяндамасымен; Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің оқытушылары: Туктасинова А. А. «Мәдени жаңғырту идеологы»; Бисимбаев Ж.В. «Ақталған есім»; Скакова А. А. «Т. Жүргеневтің мемлекет қайраткері ретінде қалыптасуы»; сениор - дәріскер, С.Аманолов атындағы ШҚУ Психология және педагогика магистрі-Жұмақанова А.Н. «Т.Жүргенов көрнекті қоғам және мәдениет қайраткері» баяндамасымен; Орталық қалалық Оралхан Бөкей атындағы кітапхана бөлім меңгерушісі – Башай Таңнұр «Теперіш тағдыр» баяндамасымен.
Іс-шараны ұйымдастырушы және модератор музей-қорықтың ақпараттық-ағарту бөлімінің меңгерушісі Ш. М. Карибаева.
Дөңгелек үстел отырысының қорытындысы: Т. Жүргеновтің білім, мәдениет, рухани мұра және елтану құндылықтарын дамытуға қосқан зор үлесін дәріптеу. Барлық спикерлерге алғыс хаттар табысталды.
< Предыдущая | Следующая > |
---|