2023 жылғы 22 ақпанда ШҚО музей-қорығы ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі әдіскері Ә.М. Құмарбеков Өскемен қаласындағы №8 ОМ-да Ауғанстандағы соғысқа қатысып, бөтенел халқының тыныштығы үшін өмірін қиған интернационалист-жауынгер Ю.Г. Троеглазовты еске алуға арналған іс-шараға қатысты. Кеңес әскерлері Ауғанстаннан шығарылған кезден бері 34 жыл өтті, бірақ сол бір күндерді еске алу әлі күнге дейін жүректерге салмақ салып келеді.
Ю.Г.Троеглазов №8 орта мектептің оқушысы болды және ол сол кезде бүгінгі күні осындай маңызды іс-шараға ерекше көңіл бөліп, салтанатты түрде қатысқан осынау балалардан сәл ғана үлкен еді. Музей қызметкері "Ауған қопарылысы" атты көрменің жәдігерлерін ұсынып, ауғандық жауынгерлер туралы баяндама әзірледі. Оқушылар арасында интернационалист жауынгерлер, сол біроқиға куәгерлері де болды. Мұндай бірлескен кездесулер ешқашан да мән-мағынасыз өтпейді, олар балалар бойында өздерінің даңқты жерлестерініңерлігі мен табандылығына деген мақтаныш сезімін тәрбиелейді.
< Предыдущая | Следующая > |
---|