• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
Қасым Қайсенов атындағы саябақ Ашық аспан астындағы экспозиция Орыстардың ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысындағы тұрғынжайлары

Орыстардың ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысындағы тұрғынжайлары

Мұражайдың «Орыс этнографиялық деревнясы» секторы ХІХ ғасыр соңындағы – ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы өлкенің орыс қалықтық сәулетімен таныстырады. Алғашқы қоныс аударушылар салған қарапайым үйлер – «избалар» қабырғалары жоғары қарай біртіндеп үшкілденіп бітетін бөренелерден тұратын қабырғалар – «самецтердегі» екі еңісті шатырдың астындағы бөлмеден және сенектен тұрады. «Байланыс» – үйлер сенек арқылы біріккен (байланысқан) екі бөлмеден құралған. Иелері ауқатты болса «айқас байланыстар» қойған, онда екі жақта қос қостан орналасқан бөлмелер сенек арқылы байланысады.

Құрылыс үшін негізінен ағаштардың қылқанжапырақты тұқымы пайдаланылған. Дайындамалар қыста,  яғни ағаштардың шырын бөлмейтін кезінде жасалған. Қабырғаларын ерте көктемде қиған.

Ауқатты қожайындардың қоныстары үлкен тақтай қақпасы және есігі (калиткасы) бар бөрене дуалмен («заплот») қоршалған. Кедейлеу қожайындар өз қонысын сырық қашамен (прясло), шарбақпен немесе қадалармен (частокол) қоршаған.Үйлердің интерьерлері қарапайым да жайлы болған: пеш, қабырғадан шығып тұратын сәкілер мен сөре төсек (полати), қолдан жасалған шкаф, үстел мен орындықтар. Қыш, ағаш және тоз ыдыс-аяқпен қатар фарфор, фаянс, шыны және металл ыдыстар да қолданылған – бұл Қытайдың жақын орналасқанын және халықтың ауқаттылығын білдірсе керек.

Үйлердің ішкі жағы майлы бояумен сырланған немесе өрнектелген, сыртқы жағы өрнекті ойылған терезе қақпаларымен және ернеулермен безендірілген. Осындай ойма өрнектер сондай-ақ калиткалар мен қақпаларда да кездесетін.

«Ашық аспан астындағы мұражай» экспозициясымен танысу өткен уақытта біздің аймақта мекендеген орыстардың өзіндік мәдениетін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді, мәдени мұраны сақтау қажеттігіне көз жеткізеді.

 

ШАРУА ЕСКІДӘСТҮРШІЛ ҚОНЫСЫ

ХХ ғасыр басы

Шаруа избасы – ординарка (дөңгелек). ШҚО Зырян ауданының Тұрғысын селосынан көшіріп әкелінген. Осындай избалар Бұқтырма өзенінің алқабындағы тұрғын үйлердің жартысына жуығын құраған. Кедей ескідәстүршілдің («тасшылар» этнотобы) отбасы тұрған. Самырсын бөренелерден тұрғызылған, «бұрышқа» (тостағанға) қиюластыру техникасы, бөренелердің арасына мүк салынған. Тұрғын бөлмеден және сенектен тұрады. Сенекте қойма бөлініп қойылған.

 

Избаның көне белгісі болып табылатындар: терезенің біржармалы қақпақтары мен тұтас жақтауларындағы қашалып жасалған оймалы өрнек. Шатыр құрылысы: жоғары қарай қысқара беретін бөренелер – «самецтерден» тұратын фронтондар. Шатырдың жоғарғы жағы шпунтқа (арнайы жасалған кертігі бөренеге) бекітіледі.Үйдің жанында астық сақтауға арналған қойма бар, оның іші сусектермен (қамба) жабдықталған.

 

МАРАЛШЫ ҚОНЫСЫ

ХХ ғасыр басы

Ауқатты маралшы шаруа үйі. ШҚО Катонқарағай ауданының Черновая селосынан көшіріліп әкелінді. Онда төрт бөлме бар: «ауыз үй(, «горница», «изба» мен «қойма». Оларды қос-қостан дәліз біріктіріп тұр, ол кіреберістен (крыльцо) балконға дейін созылған. Кіреберіс жақтан еден астына – шағын қораға кіретін есік бар, қора жас төлге арналған. Осындай үлгідегі үйлер сирек кездесетін.

Үй жанында шаруашылық құрылыстар: бесқабырғалы екі камералы қойма, жертөлеше мен шағын қойма. Қоныс бөрене дуалмен (заплот) қоршалған, оның тақтай қақпасы мен калиткасы бар.

 

 

 

 

 

Қалалык үй ауласындағы қамба мен атқора

 

Балконнан көрініс

 

Интерьер


Деревня ұстаханасы

ХХ ғасыр басы

Ұста дүкені толық көлеміндегі (4 х 4 м) қима ретінде берілген, онда ішкі жабдық және ұстаның жұмыс орны орналасқан. Қима үшін қолданылған диаметрі 28-29 см бөренелер дәстүрлі «дөңгелек» техникасында қиюласқан. Оның ішінде темірмен қапталған ұсталық ошақтың макеті тұр. Түтін тартқыш пен мұржа жалпақ темірден жасалған. Шеберүстел және көрікке арналған станок бар. Экспозицияға мұражай қорынан алынған жәдігерлер: көріктер, қысқыштар, төс және басқа да аспаптар мен құралдар қойылған.

Ұстахананың жанына ат тағалауға арналған керме станок орнатылған, сондай-ақ ат жегілетін ауылшаруашылық машиналары қойылған, олар ұстаханада жөнделетін.

Ұстахананың сыртқы көрінісі, құрылымы мен жабдығы дәстүрлі болып келетін. Ұстаханада жасалатын заттар жиынтығы село мен маңайдағылардың қажетіне байланысты болатын. Шөңке тұтқыштар, табадан ұстағыштар, қапсырма шегелер, қалқалар, қаңылтыр табалар, жапқыштар жасайтын.

Қалалық үй

ХХ ғасыр басы

Айқас үй. Тоқтаров көшесі, 16 мекенжайынан әкелінген. Төңкеріске дейінгі Өскеменге тән құрылыс болып табылады. Үйге екі есігі бар тақтай веранда жапсарлас салынған. Терезе жақтаулары қарапайым өрнектермен безендірілген. Жезбен жабылған шатыр төртеңісті келген. Ондағы терезе, ернеулері ойма өрнектермен безендірілген. Үйдің тақтай қашасы ХХ ғасырдың 30-шы жылдарының мәнерінде жасалған.


Ләпке

ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасыр басы

Өскеменнің Тоқтаров көшесінен көшіріліп әкелінген. Ішкі қабырғаларының крест тәрізді айқас орналасуы жоба ерекшелігі болып табылады. Үйде сауда ләпкесінің экспозициясы орналастырылған: оған сауда орынжайы, қойма мен піркәшік кеңсесі енген. Терезе жақтауының жоғарғы жағы өрнекпен безендірілген. Бұрыштары тақтаймен қапталған. Ашық веранда арқылы кірген.

 

---

Казак үйі

ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасыр басы

Катонқарағай ауданының Өрел ауылынан тасып әкелінді. Екі бөлмеден тұрады, олар өзара сенек арқылы байланысқан. ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасыр басында осындай үйлер Шығыс Қазақстанның ескідәстүршіл және казак мекендерде тараған. Биік кіреберіс (крыльцо) тұтас бөренелерден жасалған. Төбесінде төртеңісті шатыр. Үй тал шыбықтарынан тоқылған шарбақпен қоршалған, тақтай қақпасы бар.

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …