• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта

Ұйғырлар

Өздерінің атауы – ұйғыр. Қытай Халық Республикасы Синьцзян-Ұйғыр Автономиялық ауданының негізгі халқы. Тілі – түркі тілінің оңтүстік-шығыс тобына жатады. Діні – исламның суннит бағыты.

Ұйғырлар суармалы жер шаруашылығымен айналысады (дәнді, майлық дақылдар, әртүрлі техникалық дақылдар, көкөністер), бақшашылық. Кейбір аймақтарда мал шаруашылығымен (қой, жылқы, түйе, сиыр) айналысады. Қолөнері - тігіншілік, кілем тоқу, керамика, мыстан ыдыс-аяқтар жасау.

 

 

Ұйғырлардың дәстүрлі тұрғын-үйі саз балшықтан салынған немесе шикі кірпіштен тұрғызылған. Қабырғалардығы қуыстар төсек-орын жабдықтары мен ыдыс-аяқтар сақтауға арналған, ал киімдері сандықтарға сақталған. Пеш қабырғаның ішіне орналастырылған.

Ұйғырлардың дәстүрлі киімдері әртүрлі болып келеді. Ерлердің костюмі енсіз, тік жағалы көйлектен (койнек), балағын етіктің ішіне салып киетін кең шалбардан (тамбал), көйлектің сыртынан киетін қысқа бешпеттен, оның сыртынан киетін енсіз, тік жағалы және тар жеңді шапаннан тұрады. Шапанның сыртынан мақта-матадан жасалған белбеу (бэлваг) байлаған. Аяқтарына ұзын қонышты, тар,  жұмсақ мәсі (мэсэ) киген. Жаздық баскиім – тақия (допа), ал қыс кезінде шұғадан немесе қойдын жүнінен жасалған бас киім (топа), ал байлар болса кәмшат,бұлғын, құндыз терісімен жұрындалған шұға бөрік киген.

Ал әйелдер мақта-матадан тігілген кішкентай тік жағалы, ұзын туника тәріздес көйлек, тобығына қарай тарлыған кең шалбар киген. Ал көйлектің сыртынан үйде жүргенде немесе көшеге шыққанда көбінесе ұзын, тізеге дейін жететін, жеңсіз, түймесіз камзол (кэмзел) киген. Аяқтарына галошпен жұмсақ етік киген. Тақия киген немесе бас орамал тартқан, ал қыста тері жұрындалған бөрік киген.

Тамақтану дәстүрі халықтың ұлттық мәдениетінің бір бөлігі болып саналады. Ол адамдардың өмірінде маңызды орын алады. Ұйғырлардың тағам түрлері саналуан болып келеді. Ежелден тағамның дайындау өнеріне, азықт-түліктің тазалығына, тағамның дәмділік сапасына ерекше назар аударған. Негізгі тағамы - ұннан жасалған жұқа нан, көкөністен жасалған  дәмдеуіш және ет салынған кеспе. Ет тағамының ішінде қой етінен дайындалатын кәуәп (кэвап) кеңінен таралған. Барлық жерлерде шәй ішу, шығыс оазистерінде шәй сүт және тұз қосыпта шәй ішкен.

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …