Ши тоқу – көне кәсіптердің бірі. Ши тоқуға қазақтар шидің сабағын қолданған. Ол үшін әуелі әр шиді белгіленген сурет бойынша түрлі түсті жүннің иірілмеген талшықтарымен жеке-жеке шырмап алады. Бұдан соң оларды біріктіре тоқып кілемдей әсем сурет шығарады. Осылайша тоқылған шым шимен киіз үйдің керегелері айнала қоршалған, сондай-ақ киіз есіктің ішкі жағына тұтылған.
Төңкеріске дейінгі қазақтардың өмірін өрме шисіз елестету мүмкін емес. Ол бүгінде де кеңінен сақталып қалған. Ши өрмелер жүн мен жіп, киіз бұйымдар жасау, сондай-ақ тағамның кейбір түрлерін (мысалы, дәстүрлі тағамдар – ірімшік, құрт және т.б. ши үстінде кептіріледі) әзірлеу кезінде төсеніш ретінде қолданылады.
Оюлы шым ши – киіз үйдің ішкі жасауының қажетті элементі. Ол негізінен суық кездерде киіз үйдің ішін жылылау үшін қолданылған. Шеберлердің киіз үй жасауын түрлендіруге деген ұмтылысы оюлы ши тоқу кәсібін дүниеге келтірді. Ши тоқу кәсібі біздің заманымызда да кең тараған.
< Предыдущая | Следующая > |
---|