Ағаш өңдеу кәсібі қазақтардың өндірістік қызметінің аса маңызды салаларының бірі болып табылған, өйткені ол тіршілікті қамтамасыз ететін мәдениеттің элементтерін жасайтын.
Ағаш шеберінің құралдары көптүрлілігімен ерекшеленбейтін: шаппа шот, қашаулар мен пышақтар, біздер мен қысқаштар, аралар мен егеулер жиынтығы.
Сүт сауатын шелектер ағаштан жасалған.
Қымызға арналған жиынтықтардың түрлері көп және сәнді болған: шара, тостағандар, қымыз құятын шөміштер мен ожаулар, олардың көлемі мен пішіні әртүрлі болып, көбіне күміспен және сүйекпен әшекейленген.
Май шайқайтын ағаш күбілерді қазақтар тек өздері жасап кана қоймай, жәрмеңкелерде даярларын да сатып алған. Май шайқайтын ағаш күбі – қабырғалары жоғары қарай сәл тарылыңқы етіп қиылған биік конус тәріздес ыдыс. Бүтіндей ойылып жасалғандары да, тақтайшалардан құрастырылғандары да кездескен. Әр үйде дәнді дақыл түйетін келі мен келсап болған.
Бүтін ағаш кесегінен жонылған, жалпақ түбі дөңгелек келген табақ ет салуға қызмет еткен.
Әр түрлі жиһаздарға әсем ою-орнек молынан салынып, сырланған, жозыланған және күміс тілімдермен әшекейленген. Бұл жиһаз үй ішіне сән берумен қатар, тұрмыста керекке жаратылған. Оған жататындар: заттар мен киім-кешек салатын сандық, тамақ сақтайтын кебеже, ыдыс-аяққа арналған асадал, жүк жиятын жүкаяқ, жастық ағаш, адалбақан, төсек және басқалар.
< Предыдущая | Следующая > |
---|