

2021 жылдың қазан айының соңында музей-қорықтың бас ғимаратында Өскемендегі «Самал» саябағының көлемді макет-жобасының тұсаукесері өтті.
Ауқымы 1:450 болатын макет саябақ аймағының күрделі рельефінің ерекшелігін, биіктік алмасуын, Ертіс арнасы мен өзен ағысын көрсетеді. Макетте: спорт алаңы, қалалық жағажай, велотрек, иттерді серуендетуге арналған алаң, бұқаралық іс-шараларға арналған алаңдар көрсетілген. Заманауи көркемдік құралдар мен полимерлік материалдарды жоғары дәрежеде жете пайдалана отырып орындалған сәулет макеті спорттық-демалыс кешенін абаттандыру жоспарын анық көрсетеді.