No valid database connection You have an error in your SQL syntax; check the manual that corresponds to your MySQL server version for the right syntax to use near ':zhaalytary' at line 1 SQL=SELECT * FROM jos_scmeta_category WHERE category_id = 127:zhaalytary
жаңалықтары :
 

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы * Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

  • Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
бүгін музей-қорықта жаңалықтары
жаңалықтары


19 мамырдан 22 мамырға дейін Қазақстанның елордасында мәдениет және өнер қызметкерлерінің  «Рухани қазына-2019» атты ІІ фестивалі өтті. Музей қызметінің қызметкерлері арасында «Облыстық маңызы бар мемлекеттік музейдің үздік қызметкері» номинациясы бойынша музей-қорықтағы ақпараттық-білім беру бөлімінің меңгерушісі Шынар Карибаева жеңімпаз атанды.

 

Жамбыл атындағы саябақтың қалпына келтірілуі жалғасуда. Саябақ ортасында қазақ поэзиясының патриархы Жамбыл Жабаевқа жаңа тұғыр мен ескерткіш орнатуға арналған алаң дайындалып жатыр. Басқа да нысандар орнатылады.

Биылғы жылы Жамбыл атындағы  саябақты  абаттандыру аясында Ұлы ақын ескерткішінің астына тұғыр орнатумен бірге  ескерткіштің өзін дайындау  және орнату жоспарланып отыр. Аталған жұмыстар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы «Монументті өнердің жаңа құрылыстарын құру қағидаларын бекіту туралы» № 371 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Шығыс Қазақстан облысы Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі облыстық комиссияның 2018 жылдың 17 қаңтарында өткен жиналыстағы шешімімен Жамбыл ескерткішінің алдын ала жасалған жобасы Қазақстандағы жаңа монументті өнер ескерткіштерін орнату жөніндегі республикалық комиссияның қарауына жіберілген. 2019 жылғы 19 наурыздағы республикалық комиссия отырысында жоба талқыланып, бірауыздан мақұлданды.

 

21 мамырда Солжағалық кешеннің бас сахнасында №5 орта мектептің нөлінші сынып бүлдіршіндерінің бірінші сыныпқа көшуі атап өтілді. Олар  Солжағалық кешендегі Этноауылдың қызметкерлері дайындаған «Дос жарты жолда қалдырмайды» атты театрландырылған ойын-конкурстық бағдарламаға қатысты.

Солжағалық кешендегі Этноауылдың әдіскері Ольга Савельева мен кешен қызметкері Надежда Глушкова балаларға нағыз мереке жасап берді. Сөйте тұра олардың тек көңілін ғана аулап қоймай, олардың бойларына «жақсылық, мейірім, мәңгілік» сезімдерін сіңіруге тырысты. Балалар болса тәртіп сақтау мен  гүл өсіруге қатысты өз білетіндерін көрсетті, құстардың үнін тыңдады, бал араларына айналып, бал жинады. Сонымен қатар достарын ешқашан да жарты жолда қалдырмау керектігін жадыларына түйді. Оған О.М. Савельева сомдаған доктор Айболиттің бағдарламасы өте-мөте сәйкес келді. Бүлдіршіндерге барлық жағдайда көмекке келген аталған мерекеге қатысушылар – осы мектептің 4-ші сынып оқушылары болғаны ерекше еді.

 

Славян жазуы мен мәдениетінің мерекесі қарсаңында орыс этнографиясы мен сирек кітаптар және иконажазу бөлімдері аталған оқиғаға арналған іс-шараларға қатысты. Оның біреуі 19 мамыр күні облыстық Достық үйі\-қоғамдық келісім орталығында болып өтті. Ал 21 мамыр күні аталған бөлімдердің қызметкерлері Оралхан Бөкей атындағы қалалық орталық кітапханадағы ескіні ұнататындар клубының отырысына қатысты.

 

2019 жылдың 16 мамыры күні музей-қорықтың ақпараттық-ағарту бөлімінің қызметкерлері Жастар жылына орай Өскемен қаласындағы №26  орта мектептің 9 сынып оқушыларына арнап «Мен – патриотпын» атты викторина өткізді. Іс-шараға 25 адам қатысты.

Брейн-ринг түрінде өткен іс-шара барысында оқушылар Қазақстан Республикасының тарихы, географиясы және мәдениеті турасында қойылған  сауалдарға  толыққанды жауап беріп, өздерінің білімдар және топ болып жұмыс істеуге қабілетті екендіктерін танытты.

 


Page 55 of 122

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Статистика

Members : 830
Content : 3013

Счётчики

 Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …