No valid database connection You have an error in your SQL syntax; check the manual that corresponds to your MySQL server version for the right syntax to use near ':zhaalytary' at line 1 SQL=SELECT * FROM jos_scmeta_category WHERE category_id = 127:zhaalytary
жаңалықтары :
 

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы * Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

  • Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
бүгін музей-қорықта жаңалықтары
жаңалықтары


17 мамыр күні  музей-қорығында Жастар жылына арналған дәстүрлі музей түні өтті. «Музей түні  –  жастар уақыты» акциясына облыс орталығының балалар және жасөспірімдер шығармашылық ұжымдары қатысты. Іс-шара бағдарламасы Жастар саябағының әртүрлі алаңдары мен  музей-қорығының көрме залдарында өтті. Биыл музей түні  «Қымызмұрындық» мерекесімен бірге өткізілді.

 

«Менің әлемім». Шығыс Қазақстан өнер музейінде ашылған живописьтік полотнолар көрмесі осылай деп аталады. Онда Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, музей-қорықтың аға ғылыми қызметкері Гүлнәр Бекбердинованың картиналары қойылған.

Гүлнәр Бекбердинова Көкпекті ауданының Көкжайық ауылында дүниеге келген және өзінің кіші Отанына деген сүйіспеншілігін өз картиналарында көрсетуден жалыққан емес. Суретшінің «Шебер», «Менің әжем», «Аңшылықта» және басқа да майлы, акварельді картиналарында оның бала кезінен  жүрегіне жақын дүниелер келтірілген. Шебер  қазірде де сол бір  суреттерді өзгелердің түйсік-пайымына жеткізуге тырысады. Олар – ұлттық дәстүрлердің басымдығы, отбасының беріктігі, бақытты махаббат үлгілері.

 

Солжағалық кешен аумағында орналасқан киіз үйге келушілер енді  «Құнды мұралар: қайнарлар мен дәстүрлер» атты экспозиция туралы қосымша ақпараттарды  кіиз үйде орналасқан сенсорлық ақпарат-киоскінің көмегімен ала алады.

 

2019 жылдың 11 мамырында Семей қаласындағы №29 орта мектебінің орта буын оқушылары үшін музей-қорықтың ақпараттық-білім беру бөлімінің қызметкерлері «Санкт-Петербургтегі Мемлекеттік Орыс музейін таныстыру» тақырыбында дәріс оқыды. Іс-шараға 100 адам қатысты.

 

9 мамыр күні музей-қорықта Ашық есік күні өтті. Әскери кешендегі  Солжағалық саябаққа қонақтар ерекше  көп келді.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай, Солжағалық саябақ аумағында орналасқан музей-қорықтың барлық залдары тегін жұмыс істеді. Қала тұрғындары мен қонақтары саябақтағы әскери кешенде өткен 1938-1970 жылдар үлгісіндегі әскери техникалар көрсетіліміне ерекше қызығушылық танытты. Әрине, кешен павильондарының бірінде орналасқан «Өмір үшін өлімге бас тіккендер» экспозициясы келушілердің назарынан тыс қалмады. Ол соғыс жылдарында шайқасқа қатысқан  шығысқазақстандық     Кеңес Одағының  109 батырына  арналған. Бұл жерде тақырыптық турлар өтті.

 


Page 56 of 122

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Статистика

Members : 830
Content : 3013

Счётчики

 Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …