No valid database connection You have an error in your SQL syntax; check the manual that corresponds to your MySQL server version for the right syntax to use near ':zhaalytary' at line 1 SQL=SELECT * FROM jos_scmeta_category WHERE category_id = 127:zhaalytary
жаңалықтары :
 

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы * Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

  • Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
бүгін музей-қорықта жаңалықтары
жаңалықтары


Рухани жанғыру

Комсомол аралында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және Өскемен қаласы күнін мерекелеу аясында «Еркін ұшу 2018» әуе батпырауықтарының екінші фестивалі өтті. Ұйымдастырушылар - халықтар этнографиясы және азсанды этнотоптар бөлімінің  қызметкерлері.

Жастар экологиялық кешенінің орталық алаңында өткен фестиваль жиналған қала тұрғындары үшін нағыз мереке болды. Көпшілігі балаларымен бірге келіп, әуе батпырауықтарын ала келген. Көрермендер әуеге ең биік көтерілген және ұзақ тұрған, бірегей батпырауықты анықтады. Жеңімпаздардың ішінде оқушы Роман Полев, Әміржан Баянаев, Виктория Колотей және басқа да балалар болды. Жеңімпаздарға жүлде ретінде музей көрмелері мен павильондарын тегін аралауға абонементтер ұсынылды. Айта кету керек, батпырауықты ұшырған ең жас қатысушы Софья Смирнованың  жасы екі жаста.

 

Жамбыл атындағы саябақ күн өткен сайын құлпырып келеді. Алдағы уақытта бұл жерге келушілерді бұрынғыдай «Алтай» стадионымен қосып тұратын сұр бетон қабырғалар емес, Шығыс Қазақстанның табиғатын – өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесін паш ететін айшықты қабырғалар қарсы алмақ. Көрсе көз тоятындай бұл картиналарды музей-қорықтың аға ғылыми қызметкері, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Гүлнар Бекбердинова салған.

 Енді қабырғалардың алдынан денешынықтырумен айналысуға арналған  жаттығу құрылғыларын орнатып, балалар алаңын орналастыру көзделініп отыр.

 Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

 

Рухани жанғыру

Шығыс Қазақстанның еңбек ардагерлері Ақбауырда болып қайтты. Ардагерлер үшін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және туризмді дамыту мақсатында экскурсия ұйымдастырылды.

«Ақбауыр» археологиялық зерттеу бөлімінің меңгерушісі Галина Петенёва жүргізген тегін экскурсия барысында ардагерлер ғибадатхананың табиғи-географиялық ерекшеліктерімен және негізгі археологиялық нысандарымен танысты. Одан соң түрлі суреттер салынған үңгір тастарды көруге көтерілді.

 

Рухани жанғыру

Риддер қаласының іргесінде орналасқан Поперечное селосында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында дәстүрл «Үбі әуендері»  фестивалі болып өтті. Оған фестивальда Өскемен қаласы мен облыстың ауыл-селоларынан келген қолөнерші шеберлер бұйымдарының көрмесін ұйымдастырған халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімі қатысты.

 

Рухани жанғыру

Музей-қорық қызметкерлері Астана күні мерекесін тамашалауға келген әр жастағы адамдарға ол әрі қызықты, әрі танымдық болуы үшін атсалысты. Солжағалық кешенде көптеген ойын көрсетілді, сондай-ақ, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты   «Ертіс концерт» КМҚК-ның мерекелік бағдарламасы ұсынылды.

 


Page 67 of 122

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Статистика

Members : 830
Content : 3013

Счётчики

 Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …