No valid database connection You have an error in your SQL syntax; check the manual that corresponds to your MySQL server version for the right syntax to use near ':zhaalytary' at line 1 SQL=SELECT * FROM jos_scmeta_category WHERE category_id = 127:zhaalytary
жаңалықтары :
 

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы * Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

  • Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
бүгін музей-қорықта жаңалықтары
жаңалықтары


Рухани жанғыру

5 шілде күні  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  Қазақстанның елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына арналып «Жастар» саябағында  өткен мереке нақ осылай «Ертегі қала – Астана»  деп аталды.

Мерекеге Өскемендегі балабақшалардың естияр тобының  тәрбиеленушілері қатысты. Саябақтың орталық алаңында ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Лада» балабақшасының бүлдіршіндері концерт қойды. Концерттен соң Орталық балалар кітапханасы саябақтың бір аллеясында асфальтқа сурет салудан конкурс өткізді. Осы жерде сондай-ақ, «Астана – Еуразия жүрегі» атты кітаптың көрмесі болды. Музей-қорықтың виртуалды бөлімі виртуалды залда балаларға арнап  «Көкке өрлеген Астана» атты викторина өткізді. Ал саябақтың этноауылында қазақ этнографиясы бөлімінің мұрындық болуымен балалар ойыны ұйымдастырылды.

 

Рухани жанғыру

«Алтын мұра – домбыра» – биыл  Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ұйғарымымен бекітілген Ұлттық домбыра күніне арналған мереке осылай деп аталды. Мереке «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Солжағалық кешеннің классикалық музыка аллеясында болып өтті.

 

Рухани жанғыру

Маусым айының басында Маңғыстау облысының Ақтау қаласында «Серікбол Қондыбай мұрасы: әлемдік мифологияның дамуына жаңа көзқарас» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Оның жұмысына музей-қорықтың аға ғылыми қызметкері Гүлнар Бекбердинова да қатысып қайтқан еді.

 Конференцияны Маңғыстау облыстық әкімдігі және облыстық мәдениет басқармасы Yessenov Universityмен ( Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті) бірлесіп өткізді. Оған республикамыздың жиырмаға тарта белгілі ғалымы мен қоғам қайраткерлері, оннан астам мифология, философия, тарих, зтнология және археология саласының білгірлері, сондай-ақ, АҚШ-тың, Түркияның, Ресейдің, Түркіменстанның, Әзірбайжанның, Қырғызстанның зерттеу орталықтарының арнайы шақырылған өкілдері қатысты. Конференцияның мақсаты: арғы қазақтар мифологиясын зерттеудің негізін салушы,  артында көптеген ғылыми еңбек қалдырған ғалым Серікбол Қондыбайдың отандық ғылымдағы шығармашылығын айқындау.

 

Рухани жанғыру

Солжағалық кешеннің Этноауылында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде татарлардың Астананың 20 жылдығына арналған ұлттық мерекесі болып өтті. Мерекені облыстық Достық үйіндегі татар этно-мәдени бірлестігі мен музей-қорықтың қызметкерлері бірлесіп өткізді.

 

Рухани жанғыру

2018 жылдың 15-18 маусымы аралығында  музей-қорықтағы ақпараттық білім беру бөлімінің мамандары Өскемен қаласының               №30 орта мектебінің  жасы кіші оқушыларына және «Мега интеллект» табыс Академиясының тыңдаушыларына арналған «Астана - болашақтың қаласы»  атты интерактивті экскурсия жүргізді.

Экскурсия барысында балалар  тәуелсіз Қазақстанның Елордасы Астана қаласының құрылу тарихымен танысты.  2017 жылдың 10 маусымынан 10 қыркүйек аралығында өткен «Астана ЭКСПО - 2017» халықаралық мамандандырылған Көрмесі туралы айтылып, негізгі көрнекті орындарға саяхат жасалды. «Менің елордам - Астана» викторинасы жүргізілді. Музыкалық сүйемелдеу ретінде Алтынай Жорабаеваның «Астана» әні пайдаланылды.

 


Page 68 of 122

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Статистика

Members : 830
Content : 3013

Счётчики

 Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …