No valid database connection You have an error in your SQL syntax; check the manual that corresponds to your MySQL server version for the right syntax to use near ':zhaalytary' at line 1 SQL=SELECT * FROM jos_scmeta_category WHERE category_id = 127:zhaalytary
жаңалықтары :
 

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы * Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

  • Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
бүгін музей-қорықта жаңалықтары
жаңалықтары


Рухани жанғыру

Музей-қорықтың Солжағалық кешеніндегі Үлкен көрме павильонында

«Музей достарының тартулары» атты көрме ашылды. Көрме музей-қорықтың 50-жылдық мерейтойына арналады. Көрмені халықтар этнографиясы мен шағын этнотоптар бөлімінің қызметкерлері ұйымдастырды.

Көрме Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін консулдықтар мен елшіліктердің, өнер және мәдениет қайраткерлерінің, мұражай-қорыққа келген қонақтардың әр жылдарда тарту ретінде тапсырған заттарынан ұйымдастырылған.

 

Рухани жанғыру

Фестиваль юрт с участием музея-заповедника

Музей-қорық Өскеменнің ипподромында киіз үйлер қалашығын дайындауға белсенді түрде атсалысты.

Мұнда облыс әкімінің жүлдесі үшін өтіп жатқан ХХI-ші халықтық спорт ойындарының аясында киіз үйлердің «Бір шаңырақ астында» атты облыстық фестивалі ұйымдастырылды. Ойындар Қазақстан елордасының 20 жылдығына арналған. Жобалардың тұсаукесерлері мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өтуде.

 

Рухани жанғыру

Ночь в музее

Музей-қорық 18 мамыр күні бүкіл дүниежүзінде аталып өтілетін халықаралық музейлер күніне арналған бірқатар мерекелерді өткізуде.  Аталған  оқиғаларға орайластырылған іс-шаралар 16 мамыр күні «Жастар» саябағы мен музейдің көрме залдарында болды.

Бәрі «Жастар» саябағының орталық алаңында қазақ халқының ертеден келе жатқан алғашқы қымыздан дәм тату мерекесі – «Қымызмұрындықтан» бастау алды. Оған облыстық ақсақалдар алқасы мен «Шығыс Қазақстан мұсылман әйелдері» қоғамдық бірлестігінің өкілдері шақырылды. Олардан құралған «Атамұра» және «Ақниет» ансамбльдері концертке қатысты. Концертті Өскемен қалалық әкімдігіне қарасты №16 орта мектептің жас домбырашылары («Мұрагер» ансамблі) ашты. Сондай-ақ, концертте «Жұлдыз» өнер мектебінің қобызшыларынан құралған «Ерке» ансамблі мен  №24 орта мектептің, «Назарбаев зияткерлік мектебінің», оқушылар  шығармашылық сарайының жас артистері өнер көрсетті. Облыстық Достық үйінің «Ажарым» ансамблінің қыздары да өздерінің әсем әндерімен жиналған қауымның көңілін сергітті. Мерекеде танымдық конкурстар мен викториналар өткізілді.

 

Рухани жанғыру

Ночь в музее2018 жылдың 16 мамырында Шығыс Қазақстан облыстық сәулет- этнографиялық табиғи- ландшафттық музей- қорығының «Жібек жолы» ғылыми- зерттеу экспозициясы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Шырайлы Шығысымның Өскемен қаласының «Жастар» саябағында дүбірлі «Қымызмұрындық» іс- шарасы өткізілді. Қымызмұрындық осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр және де алдағы уақытта да алғаш бие сауыла бастағанда өткізіліп отырады. Құлын байлау, үйірге тұяғы іліккен жас малға ен салу мен саумал ішу мерекесі қазақта ғана бар. Сондықтан қымызмұрындық ұлттық-мәдени құндылық ретінде ЮНЕСКО-ның тізіміне тіркелмек.

 

Рухани жанғыру

2018 жылғы 11 және 12 мамыр күндері ағарту және көпшілікпен жұмыс және ақпараттық-ағартушылық бөлімдердің қызметкерлері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Семейдің № 10, № 39, № 40 мектептерінің,  сондай-ақ, экономикалық лицейінің оқушыларымен Солжағалық кешенде экскурсия өткізді. Балалар экскурсия барысында Солжағалық кешеннің қалыптасу тарихымен танысып, ақын және философтың 160 жылдығына орайластырылған  «Шәкәрім – Абайдың рухани мұрагері» атты көрмені тамашалады. Оқушылар үшін «Өмір үшін өлімге бас тіккен» атты Жеңіс павильонына экскурсия ұйымдастырылды. Онда кешен аумағында орналасқан, 1938-1970 жылдардағы үлгідегі әскери техника экспозициясы көрсетілді. Қонақтар ашық аспан астындағы сәулет және тұрмыс музейін көру мүмкіндігіне ие болды. Олардың назарына XIX ғасырдың соңы мен  XX ғасырдың басында ШҚО аумағын мекен еткен халықтардың 17 қонысы ұсынылды.

 


Page 70 of 122

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Статистика

Members : 830
Content : 3013

Счётчики

 Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …