Рождество. 2025
 2025 жылдың 7 қаңтарында ШҚО музей-қорығы Достық үйі-қоғамдық келісім орталығымен бірлесіп Рождествоға арналған мерекелік концерт өткізді. Мерекеде Рождестволық өлеңдер мен әндер шырқалып, «Рождество» мен «Святки» дәстүрлері көрсетілді. Қонақтар би билеп, хоровод айналды. Достық үйінің фойесінде музей-қорық қорынан алынған «Рождество дәстүрлері» атты көшпелі көрме ұйымдастырылды, онда иконалар, святки дәстүрлерінің фотосуреттері, святки бетперделері (маскалары), маскарад костюмдері, рождестволық ашықхаттар мен святки сәуегейлігіне арналған заттар ұсынылды.
Шоқыну кешінде бір рет...
Музей-қорықтың орыс этнографиясы мен халықтар және азсанды этникалық топтар этнографиясы бөлімдері тағы да кешке қала тұрғындарын жинады. Бұл жолы – Шоқынушылық.
Кештер барлық жастағыларды баурайды! 2020
Тоғыз қаңтар күні музей-қорықтың Қ. Қайсенов көшесі, 67 ғимаратының залындағы святолық кеш ертеректе әжейлер мен атайлар шырқаған әндерді сырнайдың сүйемелдеуімен басталды. Содан кейін келгендердің бәрі шырша жанындағы хороводқа шақырылды. Музей-қорықтың орыс этнографиясы бөліміне «Дружане»фольклорлық-би ансамблі мен «Бастеньки» фольклорлық-этнографиялық ансамблі көмектесті. Аталған бөлімнің меңгерушісі Александр Яковлев сырнайда ойнады.
Өткеннің тереңінен... 2019
 
Бос уақытыңызды ұлы ата-әжелеріңіз бен ата-апаларыңыз сияқты өткізгенді қалайсыз ба? Музей-қорықта қысқы кеш өтіп жатқан кезде келіңіздер. Музей-қорықтың орыс этнографиясы бөлімінің меңгерушісі Александр Яковлев: «Бұл кезіндегідей клубтар, би кештері көп болмаған кеш. – Осындай кештерде кездесіп, танысып, билеген. Біз орыс мәдениетіне қызығушылық танытатындардың бәріне дәл сол кезде билегендей ежелгі билерді де, сол кезде ойнаған ойындарды да үйретеміз», - дейді.
Орыс сүлгісі Алтай қаласындағы көрмеде. 2019
 2019 жылдың 28 қарашасы күні Алтай қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Алтай ауданы орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің өлкетану залында «Алтайдың орыс сүлгілері» атты көшпелі көрме ашылды. Оны ұйымдастырушылар – музей-қорықтың орыс этнографиясы бөлімінің қызметкерлері. Қөрмеде музей-қорық қорынан алынған жәдігерлер қойылды, оның ішінде орыстың 50 дәстүрлі орамалы бар. Олардағы өрнектердің саналуандығы таңдай қақтырады. Орыс этнографиясы бөлімінің меңгерушісі Александр Яковлевтің айтуына қарағанда, сүлгілердегі өрнектер мейірімділік күші мен амандық сыйлап, адамды жамандықтардан қорғайтын болған. ХІХ ғасырдың екінші жартысында қалалық сән үрдісінің әсерінен шаруа кестесінде айқаспа техникасында орындалған жұмыстар кеңінен тарайды. Біздің аймақтағы өрнектердің негізгі түрлері – мәңгілік қозғалыс символы болып саналатын свастика мен ромб. Көрмеде орын тепкен сүлгілердегі ескілікті өрнектер арасында «сабынды өрнектер» делініп кеткендері де бар. Олар «Товарищество Брокар и Ко» атты фирма шығаратын дәретхана қағазының орамаларынан көшіріліп алынған. Ресей жерінде ХХ ғасырдың басында танымал болған бұл фирма жарнама мақсатында сүлгілерде кеңінен пайдаланылатын сабынға арналған орамалардың орыс мәнеріндегі айқаспа кестесінің схемасын басатын болған.
«Беловодье» фестивалінің ғасырлық дәстүрлері. 2019
 15-16 маусым күндері Өскеменде ХVII Қазақстан-Ресей «Беловодье» фестивалі өтті. Фестивальдің іс-шараларына музей-қорықтың қызметкерлері қатысты.
Зияткерлік марафон «Славяндар тілі – білімге, тарихқа, ата-бабалардың мәдениетіне жол ашатын кілт». 2018

Қазақстан халқы тілдері күніне орай орыс этнографиясы бөлімі «2018 жылғы 23 қыркүйекте Жастар» саябағында көпшілікке арналған «Славяндар тілі – білімге, тарихқа, ата-бабалардың мәдениетіне жол ашатын кілт» атты іс-шара ұйымдастырды. Этноауылдың орыс қоныстарында №9, №10, №38 мектептердің, «IT мектеп-лицейінің» және «Спутник -1» аулалық клубтың оқушылары үшін конкурстық этнографиялық эстафета өткізілді.
Иван Купала алдындағы түн – халықтық мереке. 2018


6 шілде күні Солжағалық кешенде өткен «Купалалы отты жарық» үш болмыстың – өсімдіктер, су және от әлемінің мерекесі болды. Музей-қорықтың орыс этнографиясы бөлімі бағдарламаны көңілді әрі танымдық етіп жасапты.
Музейдегі ұйқысыздық. Деревнядағы отырыстар. 2018
|
Музей-қорық қорынан алынған XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдағы шамдар мен лампалар. 2018
2018 жылғы 13 сәуірде орыс зтнографиясы бөлімінің ғылыми қызметкері Р.Ю. Нечаев «Н.К. Крупская атындағы мектеп-интернаттың» оқушылары үшін «Музей-қорық қорынан алынған XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдағы шамдар мен лампалар» атты көшпелі қайырымдылық көрмесін ұйымдастырып, өткізді. Онда музей-қорықтың қор топтамаларынан алынған, керосин лампалар, керосин және шырағдан шамдар тақырыптарын қамтыған жәдігерлер көрсетілді. Сондай-ақ, Р.Ю. Нечаев «Терезедегі жарық» тақырыбында (электр жарығы келгенге дейінгі тарих) екі қайырымдылық лекциясын оқыды. Олар суретті және бейне материалдарды басшылыққа ала отырып ұсынылды. Өткен ғасырдағы материалдық мәдениет тарихы жайлы көптеген дүниелермен танысу оқушыларға ерекше қызықты болды. Мұғалімдер аталған іс-шара туралы оң пікірлер айтты.
19 ғасырдың екінші жартысында – 20 ғасырдың ортасында Шығыс Қазақстан облысы аумағында болған самаурындар. 2017
 2017 жылғы 8 желтоқсанда орыс этнографиясы бөлімінің ғылыми қызметкері Р.Ю. Нечаев «19 ғасырдың екінші жартысында – 20 ғасырдың ортасында Шығыс Қазақстан облысы аумағында болған самаурындар» атты жылжымалы қайырымдылық көрме ұйымдастырып, өткізді. Көрмеге «Н.К. Крупская атындағы мектеп-интернаттың» оқушылары қатысты. Көрме Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған. Мұнда музей-қорықтың қорлар коллекциясынан алынған «Самаурындар, табақтар және шайнектер» атты тақырыбы бойынша экспонаттар ұсынылған. Сонымен қатар, Р.Ю. Нечаев «Орыс шай машинасы» (самаурын тарихы) тақырыбына төрт қайырымдылық дәріс оқыды. Дәріс барысында фото мен бейне материалдар көрсетілді. Оқушылар өткен ғасырлардың материалдық мәдениеті тарихы жайында көп ақпарат алды. Мұғалімдер өткен іс-шара жайында жақсы пікір қалдырды.
Кенді Алтайдағы ескідәстүршіл орыс шаруаларының тұрмысы. 2017
 
2017 жылғы 21 қарашада Өскемен қаласы әкімдігінің «№103 шипажайлық балабақша-бөбекхана» МКМ-інде орыс этнографиясы бөлімінің қызметкері «Кенді Алтайдағы ескідәстүршіл орыс шаруаларының тұрмысы» тақырыбында театрландырылған этнографиялық көрініс өткізді.
Іс-шараға Емеля мен Марья-ісмер киіміндегі екі ертегілік кейіпкер қатысты. Этнографиялық материал балаларға түсінікті болу үшін оны ойын үлгісінде өткізу қажет болды.
«Жексенбі күні». 2017
 2017 жылғы 16 сәуірде орыс этнографиясы бөлімі Қ.Қайсенов, 67 көрме залында православиелік Қасиетті Пасха мерекесіне орайластырылған «Жексенбі күні»... тұрақтандырылған көрмесін ашты. Көрмеде музей-қорықтың қор коллекцияларынан XIX - XX ғасырдың басындағы экспонаттар ұсынылды: белгішелерге арналған жалақылар, айқышқа шегелену, бүктеу, хоругви, шамдар, кресттер, сондай-ақ боялған заманауи ағаш пасха жұмыртқалары. Көрме үшін Орыс Православ Шіркеуінің Өскемен және Семей епархияларының өкілдері XVIII-XX ғасырлардағы литургиялық заттар, иконалар, діни кітаптар, діни киімдерді ұсынды. Көрмеге келушілер православие мерекелері туралы түсінік алып қана қоймай, христиан дінінің тереңдігін, оның тарихы мен қазіргі әлемдегі орнын жақсы түсінді.
Мектеп музейі-халықтың мәдениеті, дәстүрлері мен тарихының көрінісі. 2018
2018 жылдың 4 мамырында орыс этнографиясы бөлімінің қызметкерлері Роман Юрьевич Нечаев пен Мария Викторовна Ковалева «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ШҚО Ұлан ауданы Украин ауылындағы «Украин орта мектеп-балабақша кешені» КММ-де «Мектеп музейі-халықтың мәдениеті, дәстүрлері мен тарихының көрінісі» семинары аясында көшпелі көрмелер өткізді. Р.Ю. Нечаев «Терезедегі жарық» (жарықшамдар мен шамдар) атты көшпелі көрме өткізді. Онда музей-қорықтың қор топтамасынан керосин шамдары мен керосин және шырағдан шамдары тақырыбы бойынша жәдігерлер ұсынылды. М.В. Ковалева «Орыс сүлгілеріндегі әлем бейнесі» көрмесін өткізді. Онда музей-қорықтың қор топтамасынан алынған 20 жәдігер, слайд-шоу, сондай-ақ тақырып бойынша фотосуреттер ұсынылды. Көрме сүлгілердегі архаикалық ою-өрнектердің маңыздылығын ғана емес, сонымен қатар ШҚО кержақ әйелдері қолөнерінің бірегейлігін көрсетті. Көрмеге сексен адам қатысты: өткен ғасырлардағы материалдық мәдениеттің тарихы туралы жаңа нәрселерді білуге қызығушылық танытқан семинарға қатысушылар мен мектеп оқушылары. Олар өткізілген іс-шара туралы оң пікір қалдырды.
Тұрақты экспозициялар бойынша таныстыру экспозициясы. 2016
2016 жылғы 15 желтоқсанда орыс этнографиясы бөлімінің аға ғылыми қызметкері А.С. Мышко мен осы бөлімнің ғылыми қызметкері Р.Ю.Нечаев ҚАЕУ колледжінің «Туризм менеджменті» мамандығы бойынша оқитын студент-практиканттары үшін «Жастар» саябағының этноауылындағы тұрақты экспозициялар және Қ.Қайсенов көшесі, 67 ғимаратындағы көрмелер бойынша таныстыру экскурсиясын өткізді.
«Теңге – Қазақстан игілігі». 2016
 2016 жылғы 29 қарашада орыс этнографиясы бөлімінің ғылыми қызметкері Р.Ю. Нечаев жалпы білім беретін № 30 мектептің алтыншы сынып оқушылары үшін «Теңге – Қазақстан игілігі» тақырыбында ақылы екі лекция оқыды, іс-шара Қ.Қайсенов көшесі, 67 мекенжайдағы көрме залындағы аттас тұрақты көрме бойынша өткізілді. Бұл көрме Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып, «Жиырма бес жұлдызды күн» айлығы аясында ұйымдастырылған болатын.
ХIХ ғасырдағы құлыптар коллекциясы мұражай қорын толықтырды. 2016
 
Құлыптар өткен дәуір артефактісіне айналмас бұрын, тікелей мақсатта пайдаланылды: шабадандар мен қобдишалардың ішін бөгде адамдар көрмес үшін құлыптап қоятын.
– Коллекция құрамына 40 бұйым кіреді, бұл ХІХ ғасыр соңымен мерзімделетін, патшалық Ресейде жасалған аспалы құлыптар мен кілттер. Көбінде мануфактура иелерінің аттары сақталған. Мысалы, Семен Рыженьков, Костянкин Рыженьков, Михаил Акирьев және басқалары. Құлыптар мыс қорытпалардан жасалған, негізінен шалқан сипатты, жапқыш механизмі – сувальдты, – деді ШҚО мұражай-қорығының ғылыми қызметкері Наталья Честнейшина.
Мұражай-қорықта Кенді Алтай омарташылығын дамытуға арналған көрме ашылды. 2015
 
МИХАЭЛИСТІҢ АРА ҰЯСЫ ЖӘНЕ СӨЗДЕРДЕН ЖАЗЫЛҒАН ПОРТРЕТ
Қызықты экспозицияны бүкіл әлем болып жинадық десе де болады. Мұражай жәдігерлерінен басқа, өздерінің артефактілерімен «Пасека» шаруа қожалығы және ауыл шаруашылығының Шығыс Қазақстан ғылыми-зерттеу институты бөлісті.
– «Пасека» шаруа қожалығы бізге 20-ға жуық жәдігер, сондай-ақ қазіргі заманғы нұсқадағы араның ұясын беріп жіберді. ШҚ АШҒЗИ-ден жылжымалы павильонның мына макеті келді, мұндайды 60-шы жылдары табиғи көлемді омарталар ғана тасыған. Мына тағы бір сирек жәдігер де сол жерден – 18 ғасырдың соңында 19 ғасырдың ортасында өмір сүрген, жиекті омартаны ойлап табушы, атақты орыс омарташысы Петр Прокоповичтің портреті. Есімі өкінішке орай белгісіз, омарташы-әуесқой оны Петр Ивановичті білген адамдардың сөздерінен жазып алғанымен қызықты – деді ШҚО МҚ ғылыми қызметкері Наталья Честнейшина.
Масленицадағы көше қызықтары. 2015
 Шығыс Қазақстан облыстық мұражай-қорығының орыс этнографиясы бөлімі 12 - 26 ақпанда Ертістің сол жағасындағы этнодеревняда костюмдендірілген іс-шара өткізді. Өскемен қаласындағы №№ 25, 29 и 30 мектептердің 0-7 сыныптарының оқушыларына арналып, халықтық Масленица мерекесіне орайластырылған бұл іс-шара музыкалық жағынан сүймелденіп өткізілді. Іс-шара балаларды ескі халықтық дәстүрлермен таныстыру үшін ұйымдастырылды. Іс-шара бағдарламасында «Алаула, алаулай түс жарқырап», «Блин беріп жібер», «Трифон ағай» деген ойындар, Масленица тұлыбының айналасында хороводпен айналу, сібірткі мініп жарысу, блиндерден дәм татқызу, Масленицаның тұлыбын өртеу жоралғылары болды. Балалар бұл іс-шарадан ерекше әсер алып, мәз-майрам болып тарасты.
|
|
|
|
Page 1 of 2 |