2011 жылғы 4 тамызда облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығының Солжағалық кешенінде Беларусь Республикасынан келген делегация болып қайтты, олар Шығыс Қазақстанның оқу орындарымен танысу мақсатымен келген екен.
Делегацияны Минскінің Мұхтар Әуезов атындағы № 143 орта мектебінің директоры Дмитрий Вячеславович Бочаров басқарып келген. Делегация құрамында осы мектептің 11 сынып оқушылары Ольга Маленьких, Мария Алексеюк, Наталья Миронова, сондай-ақ Минск қаласындағы Бірінші мемлекеттік арнаның журналисі әрі операторы болды. Делегациямен бірге Қазақстан Республикасындағы Беларусь Республикасы елшілігінің өкілі мен Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің өкілдері жүрді.
Қонақтарды Солжағалық кешенде мұражай-қорықтың директоры Н.А.Зайцев, Шығыс Қазақстан халқы ассамблеясы атқарушы хатшылығының меңгерушісі Е.М.Аязбаев қарсы алды. Мұражай-қорықтың директоры Н.А.Зайцев қонақтарды Солжағалық кешенмен таныстырды.
Орталық киіз үйдің алдында делегацияны белорус этномәдени бірлестігінің төрағасы Владимир Павлович Магазинщиков қарсы алған еді. Барлық қоныстарды аралап шыққаннан кейін қонақтар белорус хатасында болып, этномәдени бірлестігінің мүшелерімен танысты.
< Prev | Next > |
---|