• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
бөлімдер ШҚО халықтары және азсанды этнотоптар этнографиясы бөлімі «Роза-рамзан» - ұйғырлардың ұлттық діни мерекесі

«Роза-рамзан» - ұйғырлардың ұлттық діни мерекесі

2011 жылдың 1 қыркүйегінде Өскемен қаласында Солжағалық кешеннің этноауылындағы ұйғыр қонысында мұражай-қорықтың қызметкері Қ. Нұрғалиев атындағы мектеп-гимназияның 9 А-сыныбының оқушылары үшін «Роза-рамзан» -  ұйғырлардың ұлттық діни мерекесі» атты лекция оқыды.

Лекция барысында азсанды этнотоп  бөлімінің маманы Іңкәр Баубаева келушілерді Қазақстанда тұратын ұйғыр халқының мәдениеті, тұрмысы және салт-дәстүрі жайындағы мәліметтермен таныстырды, оған оқушылар ерекше қызығушылық танытты.

Мұсылман күнтізбесі бойынша  Ораза айттың соңғы күні биыл 1 қыркүйекте мерекеленді. Осы орайда әрбір мұсылман халқы бұл қасиетті күндерді өзінің салт-дәстүрлік ерекшелігі бойынша өткізетінін айту керек. Сондықтан ұйғыр халқының ораза айт - «Роза-рамзанды» қалай мерекелейтіні жас тыңдаушылар үшін таңсық болды.

Іс-шараның негізгі мақсаты болашақ ұрпақты білімділікке, сыйластыққа шақыру болып табылады. Ұлтаралық мызғымас бірлікті сақтау және достығымызды нығайту ең алдымен нәтижелі тәрбиенің жемісі болмақ.

Іс-шара соңында сынып жетекшісі Анар Аманғазықызы Нұртазалиева бізге шексіз алғысын білдіріп, осындай тәрбиелік маңызы зор іс-шаралар жиі өткізілсе, оларға мектеп оқушылары  қатысып жүрсе нұр үстіне нұр болар еді деген ұсынысын айтты.

Іс-шараға қатысқандардың пікірлері:

Еркежан Рахатова – сынып белсендісі: «Сыныбымызбен бірге этноауылды тамашалап,  ұйғыр қонысымен таныстық. Ұйғыр халқы туралы жаңа ақпарат алдым».

Арман Зейноллаев – сыныптағы ең үздік спортшы: «Мен спортты сүйетінмін, бірақ бұл жолы тарихқа деген қызығушылығым оянғандай. Сыныппен бірге тамаша күн өткізгеніме қуаныштымын».

«Роза-рамзан» -  ұйғырлардың ұлттық діни мерекесі» лекциясының тек тәрбиелік мақсатта ғана өткізілмей, сонымен қатар тарих пәнімен сабақтасып, білімділікті арттыруға  үлкен үлес қосқаны анық.

Іңкәр Баубаева

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …