Әсел Кәрішалова – мұражай-қорықтың сирек кітаптар және икона жазу бөлімінің маманы көрнекті абайтанушы Қайым Мұхамедхановтың мұрасын танымал етуге арналған дөңгелек үстелдің жұмысына қатысты.
Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық мұражай-қорығы сирек кітаптар және икона жазу бөлімінің маманы Әсел Кәрішалованы көрнекті абайтанушының мұрасын танымал етуге арналған Дөңгелек үстелдің жұмысына (Алматы қаласы, 2010 жылғы 10 желтоқсан) қатысу үшін «Қайым Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет Орталығы қоғамдық қорының директоры, профессор Дина Мұхамедхан шақырған болатын. Бұл іс-шара Қайым Мұхамедхановтың 2011 жылғы 5 қаңтарда болатын 95 жылдық мерейтойы қарсаңында өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына Ресейден, Татарстаннан, Өзбекстан мен Қазақстаннан келген пікірлестер, Абайдың ұрпақтары, Қ.Мұхамедхановтың шәкірттері мен шығармашылығын зерттеушілер қатысты. Жұмыс барысында оның ғылыми және мәдени мұрасын сақтау, мұраны ғылымға, білімге жастарды патриоттық тәрбиелеу ісіне интеграциялау мәселелері талқыланды.
Әсел Кәрішалова «Қайым Мұхамедханов – этнографиялық мұражай-қорықтың ғылыми-зерттеу жұмысында және экспозицияларында» тақырыбында баяндама жасады.
< Prev | Next > |
---|