• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size

Шешендер

Өздерін өзі “нахчо” деп атайды.. Тілі – шешен, кавказ тілдерінің нах (вайнах) тармағына жатады. Діні – суннит ағымындағы ислам. “Шешендер” этнонимі алғаш рет ХҮІІІ ғасырдың басында орыс және кабардалық дереккөздерде пайда болды. Ол көне де ең ірі “Шешен- аул” халқы атауынан бастау алады.

ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасыр басындағы шешен үйлеріне бөлмелерін «айқас» үй үлгісі бойынша жобалау және өзара есіктермен байланысқан аралас бөлмелердің болуы тән, сонымен бір уақытта Солтүстік Кавказдың басқа халықтарында әр бөлменің аулаға шығатын өз есігі болған.

Еркектердің дәстүрлі киіміне жейде, бешмет және шалбар жатады, шалбардың сәл тар болып келген балағын аяғын табанынан тізесіне дейін жауып тұратын мәуіті байпақтың қонышына салып қоятын. Аяқтарына теріден тігілген жеңіл жұмсақ етік киген. Жоғары сапалы мәуітіден тігілген черкеска сырт киім болып табылады. Шешендер ежелден бастап ерлердің де, әйелдердің де бас киіміне ерекше мән берген. Шешеннің папахасы оның абыройы мен қадір-қасиетінің белгісі болып есептеледі. Біреудің басынан папаханы қағып түсіру ел естімеген қорлық деп саналған. Егер шешен дау немесе жанжал кезінде папахасын басынан жұлып алып, жерге тастаса, бұл оның жанжалдың түбіне дейін жетуге әзір екендігінің белгісі.

ХІХ ғасырда барлық шешен әйелдері түймеленетін тік жағасы және кеуде тұсында тілігі бар туника үлгісіндегі ұзын жейде мен балағы бүрілген кең шалбар киген. Жейде сыртынан жағасыз, кеуде тұсы ашық және белінде түймеленетін, ұзындығы жерге дейін жететін желбегей көйлек киілген. Осы күнге дейін бас орамал әйел киімінің міндетті бөлігі болып табылады.


Шешендердің ас мәзірі өзіндік тағамдарымен ерекшеленеді. Жижит-галнаш, чиепалгаш, хингалгаш пен долманаш – шешен отбасыларының сүйікті астары болып табылады. Түрлі дәмқоспа мен дәмдеуіштер: бурч (бұрыш), къонза (сіркесу), занжабил (жанжабіл) мен ащы сарымсақ тұздық кеңінен қолданылады.

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …