• Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size

Сауда

Шығыс Қазақстаннан Жетісуға, Түркістанға, Қытайға қарай керуен жолдары созылып жататын. ХІХ ғасырдың соңғы ширегіне дейін барлық тауар құрлық жолдары арқылы тасымалданды және мұның өзі қазақ халқының арасында жүк тасымалдау кәсібінің дамуына жағдай жасады.

Айырбас орындарында қазақтар тұрмысқа қажетті тауарларды малға және мал шаруашылығынан түсетін түрлі шикізатқа айырбастап алатын. Ертістің сол жағасында,  Өскемен бекінісінің қарсысында айырбас сауда жасалатын. Осы жерге қазақтар мал (жылқы, қой, ешкі, бұқа, сиыр), аңшылық кәсіп өнімдерін (қызыл түлкі, қарсақ, қасқыр), сондай-ақ иленбеген тері, түйе жүнін, елтірі, қой терісін, шекпен, киіз, текемет, жабулар әкелетін. Бір жасар ісек қой өткізілетін заттардың негізгі өлшем бірлігі саналған. Мысалы, екі текемет 3,5 қой тұрған, түлкінің немесе қасқырдың 4 терісі – 8,5 қой, түйе – 20 қой. Бір қойды жарты шерік шәйға айырбастаған.  Шойын қазан үшін терімен есеп айырысқан: шеңбері 5 тұтам  (тұтам (вершок) – 4,4 см) қазанға түлкі немесе 4 қарсақ немесе  тондық 5 елтірі (қозының немесе жас қойдың терісі) алынған. Жарты қойдың еті бір қадақ (409,5 г) өлшемді шәйға немесе қантқа бағаланған. Жейделік, көйлектік, дамбалдық  80 кез (кез - 71 см) шыт 7 қойға түскен, 5 қойға 80 кез шапандық бөз алған. Бас киімге қажет 2 кез қара мауытқа 1 қой берген.

ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін қазақ даласына Орта Азиядан әкелінетін тауарлар басым болған. Ташкенттік көпестер өздерінің және қытай тауарларын: маталар, дайын тоқыма бұйымдар, кепкен жемістер, шәй, темекі әкелетін.

Қытайдан маталар әкелінген (мақта-маталар және жібек, бөз, атлас), әйелдер әшекейі, шай, алтын және күміс құймалары немесе тиындар.

Ресейден мауыт, барқыт, мақпал, ши барқыт, темірден, шойыннан, мыстан жасалған бұйымдар, галантерея, астық, ұн жеткізіліп тұрған. ХІХ ғасырдың ортасынан бастап қазақ саудагерлері мен алыпсатарлары сауда-саттықпен қарқынды түрде айналыса бастады. Сол кездегі газеттер енді көшпендінің киіз үйінен тула самауырын, "Зингер" іс машинасы мен Кузнецовтың фарфор ыдысын жиі кездестіруге болатынын жазған.

Жәрмеңкелік сауда мен тұрақты сауда дамыды, ол айырбас сауданы ығыстырып шығарып, ақшалай саудамен алмастырды Осы кезден бастап жәрмеңкелер саудада негізгі роль атқара бастады.

Тасымал және жәрмеңке саудамен қатар сауда-саттықтың басқа да түрлері: толайым қоймалар, дүкендер, ләпкелер, сатып алу пункттері болған.

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …