Шығыс Қазақстан облыстық мұражай-қорығының буддалық коллекциясы жәдігерлерінің саны жағынан басқа коллекциялармен салыстырғанда әзірше шағын, өйткені ол сирек кітаптар және иконажазу бөлімінде діндер тарихы секторы ашылғаннан кейін ғана мақсатты түрде қалыптастырыла бастады.
Шығыс Қазақстанда буддизм тек ХҮІІ ғасырда ламаизм түрінде болды, бірақ өзіндік сипат алғаны соншалық, Қазақстанның, Сібірдің, Алтайдың және іргелес аумақтардың тарихы мен археологиясына байланысты көптеген ғылыми дереккөздерде көрініс тапқан.
Ұлан ауданы Алғабас ауылына таяу жердегі бұрынғы ламаистік Аблайинкит монастрінің аумағын оңтүстік-батыс жағынан айналып ағатын Талды бұлағының арнасынан 2002 жылдың күзінде кездейсоқ табылған арыстан мен айдаһардың бастары бар Шакьямуни Будданың Ваханасы коллекцияның нағыз көркіне айналды. Бұл химериялық тіршілік иесінің денесі көпшілік жағдайда мысық тектес жануар ретінде беріледі, оның денесінің арт жағына айдаһардың басы түйісіп тұрады.
Ваджраяна (Алмаз күйме) пантеонында Ақ пен Жасыл Таралар көбірек танымал, ал ламаизм осы ваджраянаға жатады. Ақ (Сита) Тараны құтқарушы, Сарыны (Бхрикути) қабағын түйген Тара деп атайды.
Сада-Гханта, храмішілік қоңырау Ұлан ауданы Алғабас ауылына таяу жердегі Аблайинкит монастрінен болу керек деген болжам бар.
Қоңыраудың жоғарғы жағын падмасана – лотос тақ безендіріп тұр, ол конустың қиылған екі төбесінің белдеулер тәрізді біріктірілген түрінде берілген, оның әрқайсысында он төрт күлтеден бар. Падмасана үстінде аузын ашқан арыстан отыр. Заттың сырт пішіні мен детальдары оның буддизмге, атап айтқанда ламаизмге қатысты екенін білдіреді. Лотос – Шакьямуни Будданың эмблемасы және рухани ілімдердің гүлденуін, тазалықты білдіреді, ал бұлар болса нирвана күйіне түсіреді. Авадокитешвара мен Ақ Тара бодхисатваларының атрибуты.
Буддизмде арыстан ержүректік, тектілік пен тұрақтылық иесі ретінде құрметтеледі, сондықтан сәттілік пен бақыт әкеледі деп сенген. Үндістанда арыстан батылдық пен даналықтың, діндарлық пен тұрақтылықтың белгісі. Ең маңызды құдайлар, Авалокитешвара, Майтрейя, Манджушри, Вайрочана осы символмен байланысты.
© П.Н.Сушко
< Prev | Next > |
---|