«Қазақстан халықтарының достығы – еліміздің баға жетпес игілігі.
Әртүрлі ұлт өкілдерінің өзара сенімділігі, заң алдындағы теңдігі болмаса, мемлекеттің гүлденуі де болмайды, демек қарапайым адамдардың бақытты өмір сүруі де мүмкін емес».
Н.Назарбаев.
Біздің егеменді Қазақстанымыз жақында ғана тәуелсіздіктің жиырма жылдығының шебінен аттап өтті, оның ең басты жетістіктері - бейбітшілік, ілгері даму және қоғамдық келіміс болып табылады.
Ұлттық бейнесі әртүрлі және ала құла болып келетін Қазақстан сияқты осындай үлкен елде ұлтаралық мәселелерде тұрақты да оңды жағдайдың орын алуының құпиясы неде? Тұрақтылық кепілі – біздің Конституциямыз, яғни еліміздің негізгі Заңы. Республика азаматтарының әлеуметтік қорғалуы жөніндегі көптеген шаралардың: атап айтқанда, демократияны одан әрі дамытудың, құқықтық мемлекет құрудың жемістерін бірге күн сайын көріп отырмыз.
Сонымен бірге жылдар бойы қалыптасқан халықтық дәстүрлердің өзі бізге бейбітшілік пен өзара келісімде өмір сүруге мүмкіндік береді. Біздің еліміз бірнеше жүзжылдықтар бойы өз жерінде «керексіздерді» қабылдап келді. Патша заманының өзінде бостандық сүйгіштерді, еркін ойлағыштарды, декабристерді, революционерлерді осында жер аударды. Содан кейін сталиндік құғын-сүргін жылдары. Қазақстан құғын-сүргінге ұшыраған жүздеген мың адамдардың отаны болды. Одан кейін индустриаландыру, тың жерлерді игеру.
Өмірдің өзі, тарихтың өзі осылай дейді. Қазыр жүз отызға жуық ұлттар мен халықтар өкілдерінің әрқайсысының өзін-өзі айқындау және өз ой-армандарын білдіру үшін жеткілікті құқысы бар. Және де бұл асыра айтқан емес, біздің халқымыз шын мәнісінде достықта өмір сүруде.
Облыстың алғашқы ұлттық-мәдени бірлестіктері 1992 жылдың өзінде ұйымдастырылған болатын. Сол кезде-ақ халықтардың облыстық Достық үйінің негізі қаланды. Ол барлық ұлттық-мәдени бірлестіктерді өз аясына біріктірді. Достық үйін құрудың алғашқы тарихы Одақ ыдырағаннан кейін мемлекеттер мен халықтардың өзін-өзі белгілеген кезде қайнаған қоғамдық-саяси оқиғалар кезінен бастау алады. Соның жарқын бір мысалын біздің облыстан да көруге болады.
Халықтың белгілі бір бөлігі сол қайта құру жылдарында бюджеттік сала қызметкерлеріне жалақыларды төлемеу, сондай-ақ зейнетақыларды төлеудің тұрақты кешіктірілуіне байланысты митингілер өткізумен әуре болатын. Сондай-ақ тілдер проблемаларының мәселелері көтерілді. Халықтың қаскөйлік ойлайтын шағын бір тобы Шығыс Қазақстан облысын Қазақстаннан бөліп алып Ресейге қоса салу жөніндегі сандырақ сөздерге ерік берді. Чечен және қазақ топтары арасында болған қауіпті қылмыстық оқиғадан кейін жағдай шиеленісе түсті, оған «ізгілікті жақтаушылар» деп аталатын жымысқылар саяси мән беріп, ұлтаралық жанжалға қарай итермеледі.
Барған сайын жаңа қоғамдық бірлестіктер пайда бола бастады. Олардың арасында алғашқы ұлттық-мәдени орталықтар да болды.
Жағдайдың өзі халықтар арасында ұлтаралық бейбітшілікті, достықты сақтауды өзінің мақсаты етіп қойған қоғамдық бірлестіктердің күштерін топтастыруды талап етті.
Сол кезде облыс әкімшілігі басшыларының бірі – Надежда Максимовна Аверьячкинада облыс кәсіпорындары мен ұйымдары басшыларының кеңесі болды, онда барлық қоғамдық және ұлттық-мәдени орталықтарды біртұтас Достық үйіне жинау идеясы ұсынылды. Осылайша, 1992 жылғы қарашада облыс әкімшілігі әкімінің бюджеттен қаржыландырылатын және қоғамдық кеңес басқаратын Достық үйін құру туралы өкімі шықты.
Қоғамдық кеңеске диаспоралар басшылары, беделді ақсақалдар және басқа да белгілі және құрметті азаматтар енді. Олар Достық үйін құрудың бастауында тұрды. Бұлар Надежда Максимовна Аверьячкина, Төлеухан Құсайынұлы Қоғабаев, Орал Бейсембайұлы Малдыбаев, Арсен Иванович Геворкян, Никифор Сергеевич Кан, Александр Яковлевич Риффель,Геннадий Владимирович Ван, Леча Усманович Тапаев, Мұқтаржан Дамуллаевич Мәмедсупиев, Павел Сергеевич Елисов, Федор Пахомович Тарасов және басқалары еді.
Құрылған Достық үйі бұрынғы облыстық филормония үйінде орналасты. Сол кезде-ақ ол алғашқы ұлттық-мәдени орталықтардың ортақ шаңырағына айналды.
«Менің Достық үйіне келу жолым ұзақ болды, бирақ саналы түрде келдім, өзімнің рөлім мен жауапкершілігімді айқын сезінемін», - деген естелік, бір шаңырақ астына жиналған ұлттар үйінің алғашқы директоры Мәмиева Сара Имашқызының сөздері болып табылады. Достықты, туысқандықты және тең құқықтылықты нығайтып, Достық үйінің жұмысының жандануына үлкен үлес қосқан Сара Имашқызы 10 жыл уақыт аралығында директор қызметін атқарып келді.
Достық үйінің міндеті – халықтардың ұмытыла бастаған тілдері мен мәдениетін қайтадан жаңғырту, қазақстандақытардың көптеген ұрпақтары қалыптастырған ұлтаралық келісім дәстүрлерін қалпына келтіру болып табылады.
Кешікпей Достық үйінің шағын ғимараты онда жұмыс істеуге тілек білдіргендерге тарлық етті. Халықтардың кіші Ассамблеясының атқарушы секретариаты басқа, неғұрлым кеңірек ғимарат беруді сұрап облыс басшылығына өтініш берді. Достық үйін жөндеу жөніндегі жұмыстар халықтық құрылыс әдісімен жүргізілді деп айтуға болады, соның нәтижесінде ескі, тозған ғимарат әдемі және көрікті залдары бар сарайға айналды, мұнда барлық ұлттық-мәдени орталықтар орналасуға мүмкіндік алды.
Республика Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың Достық үйінің есігін бірінші болып ашқанын және Достық үйінің құрметті қонақтар кітабына: «Көпұлтты Қазақстанда достықты нығайтуда адал еңбек етуші адамдарға рахмет!» деген сөздер қалдырғанын өңір халқы мақтан тұтады.
Достық үйі 1992 жылы 6 қарашада ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту, ана тілін, салт-дәстүрді, халықтар мәдениетін жаңғырту, Қазақстан жастарын патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында құрылды.
Достық үйінің қанатының астына алғашқылардың бірі болып «Видергебурдт» неміс мәдени орталығы, Шығыс Қазақстан кәрістер ассоциациясы, «Вайнах» шешен мәдени орталығы, славян мәдениет қоғамы, «Қазақ тілі» облыстық және қалалық қоғамы, қытай және ұйғыр орталықтары кірді.
Кейінірек армян, орыс, татар, украин, белорус, әзірбайжан, поляк, еврей ұлттық-мәдени орталықтары ашылды. Ол Республика бойынша бірінші болып құрылды. ШҚО халқының кіші ассамблеясының жұмыс тәжірибесін Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі зерттеп, Қазақстан облыстарының барлық әкімдеріне қолдануды ұсынды.
Қазіргі таңда, 2010 жылдан бері директоры Төлеубеков Эльдар Төлеубекұлы. Достық үйінде 20 этномәдени бірлестіктер жұмыс істеуде, Достық үйі жанынан ШҚ халқы ассамблеясының жастар қанаты мен ғылыми- сараптамалық Кеңесі құрылды. Әр түрлі халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын және тарихи мәдениетін дамыту үшін алдыңғы қатарлы ғалымдар Достық үйінде дәріс жүргізеді.
«Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде: орыс ән отауы, «Елімнің әуендері» қазақ ән отауы музыкалық мәдениетті насихаттайды. 2007 жылдың маусым айында «Халық ұжымы» атағын төмендегі ансамбльдер дәлелдеді: «Русская песня» (орыс мәдени орталығы), «Кохання» (украин мәдени орталығы), «Майглёкхен» (неміс мәдени орталығы), «Ладушки» (славян мәдени қоғамы), «Үлгілі» атағын - «Улыбка» балалар би ансамблі иеленді.
«Халық ұжымы» атағына алғаш рет «Зоар» (еврей мәдени орталығы) мен «Вдохновение» ансамбльдері (орыс мәдени орталығы) лайық деп танылды. Сонымен қатар Достық үйінің іс-шараларына мына ұжымдар белсенді ат салысуда: «Бастеньки» фольклорлық ансамблі (славян мәдениет қоғамы), Достық үйінің «Жігер» домбырашылар ансамблі және «Мечта» жастар вокалды студиясы, «Сарман» вокалды ансамблі (татар мәдени орталығы), би ансамбльдері «Ичкерия» (шешен мәдени орталығы), «Хэдоди» (кәріс мәдени орталығы).
ШҚ ассамблеяның бастамасы бойынша 2001 жылдың қаңтарында Өскемен қаласындағы Достық үйінің негізінде «Шығыс Қазақстан халықтарының тілдері мен мәдениетін жаңғырту мектебі» ММ құрылып, мемлекеттік мәртебесін алды.
Мектебтің негізгі жұмыс бағыты – облысымызда тұратын халықтардың ұлттық мәдени салт-дәстүрі мен тілдерін үйрету мен жаңғырту, сонымен қатар, басқа да әлемдік тілдерді үйрету, қазіргі заман талабына қажетті интеграциялану барысында білім беру болып табылады.
Биыл Достық үйінің құрылғанына 20 жыл. 20 жыл бойы ел аралық байланысты нығайту, халықтар достығын күшейту, өрістету мақсатындағы еңбек нәтижелері алдымызда. Қазырғы таңда Шығыс Қазақстан облыстық Достық үйі баршаның ортақ үйіне айналды.
Естаева Гүлім Серікхановна,
Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ланшафттық мұражай-қорығының маманы
Сборник материалов конференции «Өлкетану оқулары-2012 – Краеведческие чтения»,
Усть-Каменогорск, Восточно-Казахстанская областная библиотека им. Пушкина,
7.02.2012 г.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|