«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де,
болашақтың дидарын көзге елестету үшін де
кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев
Бүгінгі күні мемлекеттердің көпшілігі көпұлтты сипатқа ие. Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері өмір сүреді. Соның ішінде 105-і Шығыс Қазақстанды мекендейді. Міне, осыншама ұлт пен ұлыстың тілін тауып, бірлік пен ынтымақта ұстап отырған қазақ елі ұлтаралық татулық пен бірлікті басым саясатының бірі ретінде ұзақ жылдардан бері ұстанып келеді.
Облысымызда 40-қа жуық этностың тарихын, мәдениетін, тілін және салт-дәстүрін сақтау, жаңғырту, зерттеу істерімен Шығыс Қазақстан Облысы сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музейдің ғылыми-зерттеу бөлімдері қарқынды айналысып келеді. Соның ішінде Қазақстан бойынша этнографиялық музейлердің арасында жалғыз аз санды этникалық топтарды зерттеумен айналысатын «Халықтар және аз санды этнотоптар этнографиясы» бөлімі 1989 жылдан бері жұмыс істейді. Өскемен қаласының хақ ортасында, Қ.Қайсенов,68 көшесінде, әртүрлі халықтардың ұлттық салт-дәстүрі және тұрмыс-тіршілігінен көркем көрініс беретін «Біз-Қазақстан халқымыз» атты тұрақты экспозициясы жұмыс істейтін корпусы орналасқан. Корпуста «халықтар және аз санды этнотоптар этнографиясы» бөлімнің безендірген 3 үлкен залы бар: «Орта Азия және Кавказ халықтары», «корейлер, қытайлар, моңғолдар» және «белорустар, марилер, чуваштар, татарлар, мордвалар, еврейлер, немістер, украиндар, поляктар».
Бұл өмір қиыншылығын кешкен халықтардың тағдыры осы бір Қазақ елінің дархан даласында түйісті және осы еліміздің шығысына орналасу тарихы әртүрлі кезеңді және жағдайларды қамтиды. Дегенменде кейбір халықтардың осы облысқа орналасуы «арнайы қоныстандырылған» немесе «депортацияланған» атауына ие болды. Жалпы депортация процесі Ұлы Отан соғысы жылдар аралығында екпінді жүрді. Депортация дегеніміз латынның «Deportatio» сөзінен шыққан, қуғындау немесе жер аудару деген мағына береді. КСРО-да ең көп орын алған жаппай қуғын-сүргіндік көшірулердің мынандай түрлері қолданылды; этностық белгілері бойынша депортация – «жазаланған халықтар немесе сенімсіз халықтар»; әлеуметтік - таптық белгілері бойынша жер аудару («спецпереселенцы»); саяси мүддені негізінде арнайы күштеп жер аудару.
Бүгінгі таңда қозғалатын мақсатты тақырып Ұлы Отан соғысы жылдарында Шығыс Қазақстанға арнайы қоныстандырылған халықтардың тарихы қаралады. Олардың халық шаруашылығына тартылуы және олардың жергілікті халықпен арадағы қарым-қатынасы талданады.
Депортацияланған халықтардың жағдайы өте нашар болды. Азық-түлік, тұрғын-үй, киім-кешек тапшы болды. Суықтан, аштықтан, жұқпалы аурулардың салдарынан адам өлімі саны жыл сайын артып отырды.
Арнайы қоныстандырылушылардың республика көлемінде орналастырылуы төмендегідей; Ақмола – 117 183 адам, Ақтөбе – 31618 адам, Алматы – 55587 адам, Жамбыл – 65581 адам, Батыс Қазақстан – 1335 адам, Қарағанды – 133 017 адам, Қызылорда – 25225 адам, Көкшетау – 98128 адам, Қостанай – 81091 адам, Павлодар – 66680 адам, Солтүстік Қазастан – 47343 адам, Атырау – 8128 адам, Талдықорған -38115 адам, соның ішінде Шығыс Қазақстанға 70000 астам адам күштеп қоныс аударылды[1].
Шығыс Қазақстанға күштеп көшірілген халықтардың бірі – немістер. КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының 1941 жылы «Еділ жағалауында тұратын немістерді көшіру туралы» жарлығымен 1209430 неміс көшірілді. Оның ішінде Қазақстанға 420 мыңдайы қоныстандырылды. Шығыс Қазақстанға 28069 неміс көшірілді[2]. Кейбір деректерде 1941 жылғы 32мың неміс диаспорасы болған деп көрсетеді [3]. 1959 жылғы Бүкілодақтық халық санағы бойынша 22737 неміс тіркелген.
Соғыстан кейінгі жылдары Облыстық Парт.комитеттің есебі бойынша немістердің облыс бойынша орналасуын 1-ші кестеден көре аласыздар[4]:
№ |
Наименование районов |
Немцы |
||
Муж. |
Жен. |
Дети |
||
1 |
Лениногорский |
962 |
577 |
368 |
2 |
Кировский |
481 |
655 |
625 |
3 |
Шемонайхинский |
851 |
1377 |
1295 |
4 |
Предгорненский |
492 |
945 |
831 |
5 |
Зыряновский |
724 |
1005 |
757 |
6 |
Самарский |
501 |
879 |
734 |
7 |
Верх-Убинский |
210 |
358 |
323 |
8 |
Курчумский |
302 |
667 |
435 |
9 |
Таврический |
196 |
396 |
398 |
10 |
Уланский |
120 |
252 |
251 |
11 |
Бухтарминский |
183 |
441 |
259 |
12 |
Больше-Нарымский |
274 |
693 |
517 |
13 |
Управление МГБ |
630 |
672 |
442 |
14 |
Итоги |
5926 |
8917 |
7235 |
1944 жылы 7 наурызда Шешен-Ингуш АКСР-ін жою туралы жарлық шықты. Қазақстанға 406375 адам орналастырылды. Облыстық Компартияның жазбасынан 1945 жылы Солтүстік Кавказдан көшірілген халықтардың Шығыс Қазақстанға орналасуы туралы [5];
№ |
Наименование районов |
Расселение |
Из них осваивается |
|||||||||
Семей |
человек |
В колхозах |
В совхозах |
В пром. предприятиях |
В учрежд. И проч. организ |
|||||||
семей |
чел |
семей |
чел |
семей |
чел |
семей |
чел |
|||||
1 |
Лениногорский |
2260 |
8724 |
27 |
99 |
|
|
2055 |
7913 |
178 |
172 |
|
2 |
Кировский |
1362 |
5678 |
162 |
654 |
|
|
1082 |
4511 |
118 |
513 |
|
3 |
Предгорненский |
615 |
2238 |
206 |
743 |
|
|
347 |
1287 |
62 |
208 |
|
4 |
Шемонайхинский |
529 |
1942 |
237 |
860 |
199 |
759 |
24 |
64 |
69 |
259 |
|
5 |
Верх -Уба |
434 |
1790 |
353 |
1460 |
|
|
58 |
233 |
23 |
97 |
|
6 |
Таврический |
228 |
774 |
157 |
512 |
37 |
186 |
|
|
34 |
126 |
|
7 |
Уланский |
305 |
1102 |
243 |
852 |
|
|
56 |
227 |
6 |
26 |
|
8 |
Зыряновский |
544 |
2052 |
|
|
|
|
538 |
2063 |
6 |
29 |
|
|
Итого |
6277 |
24343 |
1385 |
5080 |
286 |
895 |
4160 |
16298 |
496 |
1967 |
|
Поляк халқы Украина мен Белоруссиядан Қазақстанға қоныс аударды. 1936 жылғы «Украинадағы қоныс аударушылар туралы» қаулы қабылданғаннан кейін, Украинадағы польша халқы Қазақстанға көшірілді. 1940 жылы бұрынғы польшалық офицерлер, полицейлер, түрме қызметкерлері, жандармдар, помещиктер, фабриканттар мен щенеуніктер еліміздің шығысынан да орын алды. Қазақстанға 104000 - ға жуық польшалықтар мен олардың отбасы өкілдері қоныс аударған болатын. Поляктар Семей және Шығыс Қазақстан жеріне Қазақстанның басқа аумақтарына қарағанда азырақ қоныстанды. Мұрағаттарда осы күнге дейін поляк азаматтары туралы ақпарататтар құпия ретінде сақталып келеді. Олар Семей облысында, Шығыс Қазақстанның Киров және Шемонайха аудандарына көптеп шоғырланды. Кеңес Одағының Коммунистік Партиясы (КОКП) Орталық Комитетінен және Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) Халық Комиссарлар Кеңесіне қоныстандырылғандарды ауылшаурашылық техникасымен, малмен, азық-түлікпен және үймен қамтамасыз ету тапсырылды. Соғыс жылдары поляктар саны мен құрамы өзгеріске түсті. 1943 жылы Қазақ КСР-нің аумағында поляк азаматтарының саны 103757 адам болды. Олар ең ауыр жағдайда Қарағанды және Шығыс Қазақстан кеніштерінде, темір жол және әртүрлі нысан құрылыстарында жұмыс жасады. Сонымен қатар Семей облысынан 14 колхоздан арнайы қоныстандырылғандардан» бас тартып, Ішкі Істер Халық Комисариатының (НКВД) аудандық бөлімшелеріне шағым тастап, қайта алып кетулерін талап еткен. Арнайы қоныстанушыларды бақылау соғыс жылдарында да тоқтамады. 1940 жылы 3-ші тамызда Шығыс Қазақстанның Ішкі Істер Халық коммисариаты КСРО-ның ІІХК 1-ші бөліміне ШҚО-ның арнайы аумақтарында «қоршауда» қоныстанған бұрыңғы Польша территориясында қуғын-сүргінге ұшыраған поляк азаматтарының тізімін жібереді. 1891-1924 жылдар арасында Виленск губерниясында дүниеге келген 45 поляк фамилиясын атап өтеді. 1941 жылғы 29 -шы қарашада Қаз КСР-нің ІІХК-ы Семей облысының 8 ауданында 7644 арнайы қоныс аударушылар орналастырылған, оның ішінде 5553 ересек, 60 жастан асқан 810 кәрі адамдар, 16 жасқа дейінгі балалар саны 1988. 7644 поляктың 4363-і совхозға, 1412-сі колхозға, 1570-і өнеркәсіп өндірісіне, 286-сы мемлекеттік мекемеге орналасқаны жөнінде жұмыспен қамту туралы ақпарат береді. 1941 жылы 12 тамызда Жоғарғы Кеңес Одағаның Президиумның жарлығы бойынша «ҚазКСР-нің арнайы қоныстандырылған аумақтардан және қамаудан босату жөнінде амнистия» жарияланды. ШҚО бойынша 123 ер, 176 әйел, 111 бала, барлығы 410 адам босатылса, Семей облысынан 1638 ер, 3189 әйел, 2640 бала, барлығы 7467 адам босатылды[6]. Ұлы Отан соғысы аяқталған соң поляк азаматтарының тарихи отанына оралуына мүмкіндіктер туды.
Сонымен Шығыс Қазақстаннан және Семей облысынан өтініш берген және реэвакуацияланушы поляк азаматтарының саны мынандай;
Наименование областей
|
Количество заявлений, находящихся в делопроизводстве в управлении милиции
|
Количество заявлений переданных на рассмотрение спецкомиссиями
|
Количество заявлений, рассмотренных спецкомиссиями
|
||||||
Восточно-Казахстанская
|
732
|
468
|
302
|
||||||
Семипалатинская
|
1234
|
1910
|
1628
|
||||||
Наименование обл
|
Кол.
учтенных
|
Кол.поданных
завлений
|
Утверждено к выезду |
Кол.отправ- ленных в Польшу |
|||||
взрослых
|
Детей до 14 лет
|
Итого
|
|||||||
ВКО
|
1118
|
893
|
893
|
225
|
1118
|
1106
|
|||
Семипалатинск
|
5123
|
3524
|
3518
|
1578
|
5096
|
4897
|
|||
ШҚО-нан 12 поляк қалып қойды, оның ішінде 2 адам ауырды, 8 адам бас тартты, 2-уі сотталды. Семей облысы бойынша 51 поляк қалып қойды. Оның ішінде 39 адам бас тартты, 12 адам қайтыс болды [7].
Ұлы отан соғысы жылдары Шығыс Қазақстан Облысының ұлттық құрамы арнайы қоныс аударылған халықтардың қоныс аударуы негізінен көп ұлтты болып өзгеріске ұшырады.
1940 жылдардың аяғында Қазақстанға түрлі аймақтардан 65 мың жанұя қоныс аударып, Украинадан, Белоруссиядан, Воронежден, Курскіден, Рязан облысынан, Чуваш, Татар, Мордова Автономиялық республикаларынан 24,241 мың көшірілген шаруашылық пайда болды.
1942 жылдың 1 қыркүйегінде Шығыс Қазақстанға 60949 адам, оның ішінде Өскемен қаласына – 10091 адам қоныстандырылды. Олар орыс, еврей, украин, белорус, татар, армян, мордва, латыш және эстон ұлт өкілдері болды.
Ұлы Отан соғысы жылдары кәріс диаспорасы Шығыс Қазақстан облысына бағытталмаған, сондықтан кәріс диаспорасы өңірде 1950 жылдардың аяғы мен 1960 жылдардың басында қалыптасып, түрлі оқу орындарын тәмамдаған, білікті маман ретінде бағытталып, келе бастады.
Мысалы А.Н.Алексеенконың «Народы Восточного Казахстана» атты еңбегінде Жалпы Одақтық халық санағын көрсететін кестелер арқылы Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы ерекшеліктерді байқауға болады. Мысалы 1939-1959 жылдар аралығындағы халық санағын қарасақ тағы басқа ұлттардың қоныс аударғанын көруге болады.
Численность народов |
1939 |
1959 |
Азербайджанцы |
400 |
578 |
Армяне |
421 |
672 |
Башкиры |
171 |
211 |
Болгары |
75 |
114 |
Грузины |
374 |
463 |
Корейцы |
309 |
737 |
Литовцы |
72 |
446 |
Мордва |
2190 |
989 |
Молдване |
108 |
268 |
Удмурты |
148 |
149 |
Чуваш |
625 |
579 |
Эстоны |
649 |
521 |
Қорытындылай келсек, Шығыс Қазақстан облысында басым орналасқан шешен және неміс этнос өкілдері орналасқанын көре аламыз.
Елімізге соғыс кезінде күштеп көшірілген басқа ұлт өкілдерін қазақ халқының жанашырлықпен жылы қабылдап, көп көмек бергенін және бүгінгі күні көп ұлтты елімізде халықтар достығының тереңдігін мемлекетіміздің беріктігінің нығаюындағы ролін көрсету мақаламыздың басты мақсаты.
Тоталитарлық жүйе миллиондаған азаматтардың тағдырын қиды. Сол жылдары ұлттық мүддені қорғаған зиялыларды, қарапайым еңбек адамдарын жазықсыз қудаласа, кейіннен бұл саясат шекаралық аймақтағы тұтастай халықтарды туған жерінен айырып, басқа аймаққа күшпен жер аудартты. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде гитлерлік әскер мен режимге жәрдемдесті деген сылтаумен Еділ бойындағы немістер, Солтүстік Кавказ, Қырым жағалауын мекендеуші біраз халықтар қудаланып, осылайша елімізден орын алды.
1. Кабдушев Б.Ж., Кабдушева Л.Ж. САЯСАТЫ Электронный научный журнал «edu.e-history.kz» № 4(08).
2. Лайгер М.П. Социально-культурное развитие немцев Казахстана. Алма-Ата, 1990. стр.20 - 21.
3. Зюзь В.Г. Немцы Восточного Казахстана: история, культура. Вестник культуры, 2006, №6
4. Шығыс Қазақстан Облысының Мемлекеттік мұрағаты. 1 п1 т 5914 і
5. Шығыс Қазақстан Облысының Мемлекеттік мұрағаты. 1 п 1 т 4720 і
6. Гурьянов А.Э. Польские спецпереселенцы в СССР в 1940–1941 гг. // Репрессии против поляков и польских граждан. – С. 114–136.
7 Петельская Н. Поляки Восточного Казахстана: прошлое и современность / Н. Петельская, М. Резонтова М. – Усть-Каменогорск, 2009. – С. 74.
8. Алекесеенко А.Н. Народы Восточного Казахстана. Усть-Каменогорск, 1994.
ШҚО сәулет-этнографиялық
және табиғи-ландшафтық музейдің
кіші ғылыми қызметкері
Құсайынова Іңкәр Мұратқызы
< Осының алдындағы |
---|