• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
бүгін музей-қорықта
Бүгін музей-қорықта


«Орыс костюмі»

2023 жылғы 29 сәуірде музей-қорықтың Солжағалық кешенінің үлкен павильонында «Орыс костюмі» стационарлық көрмесінің ашылуы өтті. Көрмеде музей-қорықтың қор топтамаларынан 200-ге жуық экспонат ұсынылған. Мұнда сіз үйде мата жасау, костюм тігу және безендіру, дәстүрлі белбеулер жасау процесін көрсететін көне заттармен таныса аласыз. Көрмеде әр түрлі мақсаттағы орыс костюмдерінің үлгілері кеңінен ұсынылған: мерекелік, күнделікті, сыртқы және салтанатты киімдер. Костюмдердің үлгілері біздің аймақтың орыс халық киімдері туралы толық түсінік беретін фотосуреттер мен суреттермен толықтырылған. Көрменің ашылуын орыс этнографиясы бөлімі ұйымдастырды. Іс-шараға 75 адам қатысты.

 

 

«Орыс арулары»

2023 жылдың 29 сәуірінде музей-қорықтың Солжағалық кешенінің үлкен павильонында «Орыс арулары» стационарлық фотокөрмесінің ашылуы өтті. Көрмеге Н.Л. Шабельская топтамасынан 22 факсимильді фотосуреттер қойылды-бұл дәстүрлі мәдениеттің ең танымал топтамаларының  бірі. Сирек фотосуреттерде қыздар мен әйелдердің халықтық костюмдеріндегі модельдер – сол жылдардағы сұлулықты бейнелейтін Ресей губернияларының өкілдері бейнеленген. Көрмені Қазақстан Республикасындағы Россотрудничество өкілдігі ұсынды. Көрменің ашылуын орыс этнографиясы бөлімі дайындап, өткізді. Іс-шараға 75 адам қатысты.

 

 

«Арт-трио»

2023 жылғы 27 сәуірде сағат 16.00-де Шығыс Қазақстан облыстық музей-қорығының Қ. Қайсенов көшесі, 67 мекенжайында өскемендік жас суретшілер Ерлан Маньяровтың, Евгения Зинина мен Ольга Плотникованың шығармашылығымен таныстырған "Арт-трио" атты ұжымдық көрмесінің ашылуы өтті. Шағын музей экспозициясында суретшілердің замана, өздері және қоршаған әлем туралы әсерлерін бейнелейтін 50-ден астам кескіндеме және графикалық жұмыстар қойылды.ҚР Суретшілер одағының мүшесі Н.П. Аштема, ҚР Суретшілер одағы Шығыс Қазақстан филиалының басшысы Я.Л. Агейкина, музей-қорық директорының көрме-экспозициялық жұмыс жөніндегі орынбасары Е.Ю. Рахматулина жас суретшілерге қолдау білдіріп, құттықтау сөз сөйледі. "Arabesque" хореографиялық студиясының, сондай-ақ, "Ертіс концерт" КМҚК әншілерінің қойылымдары қонақтарға тамаша сыйлық болды.

Көрме мамыр айының соңына дейін жалғасады.

 


Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …