• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
басылымдар ғылыми қызметкерлердің мақалалары Бекбердинова Г. М. XIX ғасырдағы қазақтардың киіміндегі Орта Азия халықтарының жібек маталары

Бекбердинова Г. М. XIX ғасырдағы қазақтардың киіміндегі Орта Азия халықтарының жібек маталары

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы алаңының едәуір бөлігін «Жібек жолы» кешенінің аумағы алып жатыр. Бұл «Жібек жолы» саябағы Ертіс өзенінің сол жағалауында, орналасқан, табиғи ортаға орман алқабымен қоршалып, су қоймаларына жақын орналасқан. Мұнда 2013-2014ж.ж. сәулет құрылыстары орта ғасырларда Ұлы Жібек жолының Халықаралық сауда байланыстары жүйесінде болған мемлекеттердің өзіне тән ерекшеліктерін, көркемдік бейнесін беретін кішігірім өлшемді ғимараттар бой көтерді. Бұл ғимараттар кешені негізгі сәулеттік-көркем бейнелер сарай ансамблінен тұрады. Олар: «Хан сарайы», «Әмір сарайы»,  «Раджа сарайы»,  «Император сарайы».

Әмір сарайында - «Жібек Жолы мұрасы» атты экспозиция көрмесі көрермендер назарына ұсынылған. Тоғыз торабтың тоғысқан жері яғни Ұлы Жібек жолының кеңінен етек жайып, сауда қарқыны кеңінен дамып гүлденген нүктелерінің бірі Орта Азия мекені болды. Бұл көрмеде сауда қатынасына байланысты шеберлердің қолынан шыққан өнер туындысы және сонымен қатар шығыс әдебиетімен шығыс поэзиясынан да мәліметтер берілді. «Жібек Жолы мұрасы» атты көрмеде сирек кездесетін антикварлық заттар, керамикадан жасалған ежелгі және қазіргі заманғы халықтық сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің бұйымдарының, сондай-ақ зергерлік әшекейлер мен жібек маталардың үлкен коллекциясы көрнекті орын алды.

Ұлы Жібек Жолы - әлемдік тарих пен мәдениеттің ерекше құбылысы. Көптеген ғасырлар бойы ол түрлі халықтарды біріктіріп, өздерінің идеяларымен және білімдерімен алмасуларына, тілдер мен мәдениеттерін байытуға себеп болды. Керуен жолдарының бұл үлкен жүйесі бір жарым мың жылдан астам уақытқа созылды. Оның жекелеген бөліктері ғана ұзақ уақыт бойы жұмыс істей берді (мысалы, Орта Азия, Қазақстан және Қытай арасындағы керуен саудасы XVIII ғасырда ғана тоқтады).

Мен осы мақалада Семей қаласындағы ХІХ ғасырдағы қазақтар арасында үлкен сұранысқа ие болған Орта Азиядан келген жібек маталардың маңыздылығын көрсеткім келеді. Әр түрлі дереккөздерге негізінен музей экспонаттарына және біздің өлкеміздің XIX-XХ ғасырлардағы тарихына қатысты фотосуреттерге, жазбаша куәліктерге сілтеме жасай отырып кейбір киім үлгілеріне қысқаша тоқталуды мақсат тұттым.

Ескі фотосуреттер музейлер үшін негізгі ақпарат көзіне айналды, өйткені қазақ халқының өткен өмірі, салты туралы  мүмкіндігінше көп  сыр шертіп береді. Қазақ халқының киімдері және оны тігуге пайдаланған маталар мемлекеттіміздің музейделерінде сақталған. Ондағы киімдердің сызбалары мен суреттерінен де оның қандай матадан тігілгенін аңғаруға болады.

Семей қаласы Қазақстандағы сауда, керуен жолдары түйісетін ірі орталықтын бірі болған. Семей қаласына XIXғ. әр түрлі елдерден келген көпестер аялдаған, Бұхар, Қоқан, Ташкент, Самарқанның саудагерлері мұнда сауда орындарын ашып сол өңірде қоныстанып қалған. 1863 жылы мұнда 2688 көпес тұрды. Кейбір Семей көшелері - «Ташкент» және көпес хорунжий шенін алған Мир-Құрбан Аупов атымен «Миркурбановская» сауда атауларына ие болды. Семейде дамып келе жатқан «ішкі» сауда әр түрлі ұлттардың көпестерін көбірек қызықтырды. Семейде Константинопольден, сондай-ақ Үндістанмен сауда жасау сәттері орын алған.

Бұл ежелгі қаланы өздерінің экспедициялары кезінде Семейде болған көптеген шетелдік ғалымдар зерттеді. Осында Шоқан Уәлиханов Ф.М.Достоевский, П.П. Семенов Тянь-Шанский, Г.Потаниндермен кездесті. Мұндай көрнекті қайраткерлердің қатарында этнограф, саяхатшы поляқ Адольф Янушкевичпен америкалық журналист, саяхатшы Джордж Кеннан да болды және басқалары.

Қазіргі Қазақстан тұрғындарының алғашқы суреттерінің көпшілігін орыс тарихшылары мен этнографтары ғылыми экспедициялар кезінде түсірген. XIX ғасырдың ортасы мен XX ғасырдың басындағы қазақтардың мұрағаттық суреттері Түркістанның өмірін оның алуан түрлі көріністерінде бейнелейтін жинақты - саяси және әскери қайраткер К. П. фон Кауфман ұйымдастырып құрастырған. Онда тарихи, археологиялық, этнографиялық және кәсіпшілік бөлімдер қамтылды. Мұнда бізге танымал Семей облысында түсірілген құнды фотосуреттері де бар. Олар коллекция құрамын жинаушысы Иван Семенович Поляковтың 1879 жылдары түсірген суреттері.

Бүгінде Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қоры-музейінде - Абайдың отбасымен 1903 жылы түскен суреті сақталған. Мұнда Абай өзінің Жидебайдағы үй ішімен түскен қалпында бейнеленген. Абайдың келіні Кәмалияның  естелігі бойынша: «Әкемнің киімдерін мен тігетін едім. Жаңа киім тігіп жатқанымызда қасымызға келіп, тігіп жатқан киімді көріп, тігісі жатық, жақсы екен, үлгісі сұлу, әдемі екен деп мақтайтын»  деп жазады. Және де Абайдың балалары киімдерін орысша-татарша, жаңа үлгімен істелген  шолақ пешпет, сым шалбар, әміркен етік киіп ауыл арасында жастарға таратқан екендігі туралы жазады.

Абайдың музей-үйіндегі құнды жәдігердің бірі Пәкизаттың қынай бел, әсем камзолын ерекше атауға болады. Камзолды Пәкизатка Еркежан арнайы өз қолымен тіккен. Еркежан Ибаққызы (1858-1927) - Абайдың әмеңгерлік жолмен алған әйелі, Ақылбайдын баларын Әубәкір мен Пәкизатты өз бауырына басып тәрбиелеп өсіреді. Алғашқы Абай музейі ашылған кезде Камзолды музейге  Әубәкірдің айелі Кәмалия 1941жылы табыстаған. Камзол окалы жеңсіз болып  келген, өрнектелген қымбат алтын-күміс түсті паршадан, қытай матасынан тігілген. Мата беттері өсімдік тектес ою-өрнектермен қанық түсте бейнеленген - жүзім телімденген жапырақтарымен әшекейленген. Камзолдың ішкі жағы таңқурай түсті атласпен астарланған, айналдыра өңірі мен етегіне және қолтық ойындысына оқа бастырылған, алтын жіппен безендірілген. Сондай-ақ, Абайдың немересі Пәкизаттың қундызды бөркіде де сақталуда, пішіні дөңгелек, тегіс төбелі - тікше, жасыл түсті пүлішпен көмкерген,  етегі құндызды терісімен жиектелген. Төбесіне қызыл түсті сәндік шашақ қадаған.

Өткен ғасырлардағы қазақтардың тұрмысы мен мәдениетін зерттеген этнографтардың архивтік суреттерінең - дәстүрлі киім киген даулетті қазақ отбасын, ұйлену тойына арналған және ерлер мен әйелдердің қымбат бағалы киімі көрші орналасқан Өзбек, Түркімен, Қытай, Иран халықтарының жергілікті өндірісте шығарылған маталарынан жасалғанын байқаймыз.

1879 жылы түсірген И.С. Поляковтың Семей жерінің әл-ауқатты отбасының  дәстүрлі қысқы киім түрі киген бейнелері көрсетіліген. Киімде ұлттық эстетикалық талғам мен табиғи ортаға бейімделу ерекшеліктері, адамдардың жас және жергілікті, рулық ерекшеліктері көрінеді. Ол көбіне бас киім мен шапаннан байқалады - сырмалаған 6 сай найман тымақ, 4 сай жатаған тобықты тымағы деп ажыратылады. Мұнда ішік шапан және түлкі тымақ сыртын берік жəне жақсы, қымбат маталармен тысталған.  Сондай-ақ, боз балалар жүн тартқан шапан, киiмдердiң ең жақсы көрнектiсiн киген. Қазақ қызының киім үлгісі қыздың  мәртебесі мен дәрижесіне байланысты әсем қанық бояулы, түрлі-түсті жібек, жылтырауық маталардан тігілген, басында үкі тағылған кəмшат бөрік. Суретте Шығыс Қазақстандағы әйелдер өздеріне ғана тән баскиім ерекшеліктері де анық байқалатындай, әсіресе, кимешек-шылауыш пішінділігімен және шағын жаулықпен ерекшеленеді.

Ортада тұрған жас жұбайлардың ұйлену киім кейпі ерекше көз тартады.  Ерте кезде жаңа түскен келіннің басты жасауларының бірі - саукеле болып есептелген. Өйткені тектілікке аса мән берген халқымыз қалындықтың шыққан тегін оның киген сәукелесіне қарапта білген. Әсіресе аса ерекше саналатынның  ұзатылу тойында киетін сәукеленің екі жақ самай тұсынан бетке жеткізе шолпы тәрізді ендіріп бірнеше қатар маржан тізілген салпыншақтар әшекейленген. Сәукеленің ең сыртынан жауып қойған шашақты әшекейлі жібек мата, көйлектің етегі құсап, жерге дейын келген.

Орта Азияның Жібек Жолы бойында орналасқан көне қаларында жібектен маталар тоқыған, ол Бұхара, Маргилан, Наманган және Коканд қалалалары. Ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келген бұл тоқымашылық өнері кәзір бүкіл әлемге әйгілі. Бұхарада өндірілетін мақта-мата, жібек (шәйі) және жартылай жібек маталар (адрас, алача), барқыт (бахмаль), парша (зарбафт) және т.б., сондай-ақ басылған мақта-мата (шыт) өз қажеттіліктері үшін және басқа елдерге сату үшін қолданылған.

 Қашқардан Орталық Азияға әкелінген маталар жайлы Шоқан Уәлихановтың күнделіктері мен сызбаларында жақсы баяндалған, ол жиі кездесетің араб-парсы сөздері.

Жалпы жібек мата сапасы мен құрамына қарай ерекшеленеді.  «Банорас» - бұл матадан көбінде әйел адамдар сырт киім тіккен. Сондай-ақ «парпаша», «адрас», «буз»,  «шағи» бұлда және т.б бар. Ата-бабадан мирас көріп, көзінің қарашығындай сақтап жалағастырып келе жатқан тоқымашы шебер - Нұрмұхаммед Валиевтың  қолөнер туындылары Өскемен қаласында 2012 жылы «Ыстық Шығыс» атты көрме музей-қорығының ұйымдастыруы мен мемлекетаралық көрме аясында өткізілді. Н.Валиев 1961 жылы Өзбекстан Республикасының Маргилан қаласында дүниеге келген. Онын жасаған маталары ұлттық өзбек маталарының ең жақсы үлгілері «Икат» деген ең көне тоқыма өнерінің түрімен орындалған маталар осы уақытта музей қорында сақталып тұрған әр-түрлі маталар, орамалдар мен палантиндер.

Мысалы адрас матаның ерекшелігі өзі айтып тұрғандай көзді мата, көзді мата дегеніміз әр түрлі бояуларды араластыра отырып көзді мата шығару. Бұл маталардағы Абрлы өрнектер көбінде неге ұқсаса солай аталған. Мысалы көбінде кездесетін: тұмарша, жота, әшекей, орақ, дән, тал, анар, көбелек т.б. Бұл қолмен тоқылатын күрделі техника, мата өлшемдері ені- 35-40см, жіпті алдымен будалап әр-түрлі бояуға боялады, сосын тоқылған жіптен сурет құралады.  Таза жібектен дайындалған мата шағи, атлас, подшохи-патшай - асыл матаның бірі түрі ал мақтамен араласқан жібек олар адрас, бексаб-бихасаб, пасма, банорас. Табиғи бояулар қолданған, яғни анар шырыны, пияз, тұт жібек ағашы, жасыл шөптерді пайдаланған. Өзбекстанда бұл техниканың түрі «Абрбанд» деп аталады, яғни тоқыма бұлт деген мағынаны білдірген. Ертегі тоқыма бұйымдарын «хан атласы» деп те атайды. Бұл мата әдемі және жылтыр жарықта жарқырайды, түрлі-түсті отты ою-өрнектерімен  сәнді көрініс береді. Ойткені өзбек жібегінде кемпірқосаққа тән түстер және тұмардын қасиеті қорғаушы ретінде болады деп есептелінеді. Айта кететін тағы бір түрі ол «Бекасам» - бұл ерлер мен әйелдердің, балалардың күнделікті киетін ала түсті мата.

Бір сөзбен айтқанда қазақтардың дәл осындай маталар арқылы жеңілдеу ұзын жең астарлы шапан бешпент - сыртқы киімі де тігілген. Ертеде дәулетті қазақтар мақпал, жібек, атлас, парша, түрлі түсті шұғалар сияқты маталармен бірге әртүрлі киімдерге әсіресе салтанаттық киім-кешекке өзбек маталарын қолданған.  

Абайдың «ескілік киімі» атты өлеңі қазақтың дәстүрлі киіміне арнап жазылған, өлеңде көне киім түрлері аталады. 

Ойланып, ойға кеттім жүз жылғы өткен,
Тон қабаттап кигенім - шидем шекпен.
Жейде-дамбал ақ саңнан, жарғақ шалбар,
Жырым балақ матамен әдіптеткен.

Осылайша, XIХ - XХ ғасырлардағы Семей өңірінің киім-кешегі, суреттер көрсеткендей, пішіні киім пропорцияларының дәлдігінен, сәнді сән - салтанат әсерін қалдыратын ою-өрнек кестесінің байлығынан, сондай-ақ маталардың түсі мен құрылымынан, олардың үлгісінен және әйелдер киімінде-зергерлік бұйымдардан тұрды.

XIХ - XХ ғасырлардағы Семейлік тарихы туралы нақты көрінетін суреттерде үлкен баға жетпес материал береді.

Ерте заманнан күні бүгінге дейін, өзінің қадір-қасиетін жоймай, əрі əсем əрі ыңғайлылығымен пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері əлі де аз емес.

Ғылыми-танымдық жағынан да, мəдени-тарихи тұрғыдан да тағылымы таусылмайтын осындай құндылықтары еліміздің ең ірі музейлерінде, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облыстық этнография музей-қорығында сақталған. Мысалы қазақ қыздарының киімінің эстетикасы басқа аймақтарға қарағанда оған тағылған зергерлік бұйымы мен жəне ерекше əсемдігімен ерекшеленеді. Олар қазақ қыздары мен келіншектерінің ертеден келе жатқан белбүрме, қосетек жібек көйлектер мен, сондай-ақ, кеудеге паршадан «өнір жиек» әшекейленіп тігілген тік жағалы, жеңі ұзын, кең етекті торғын  көйлек.

Қазақы ортада киім-кешекке қатысты пайда болып əлі күнге дейін сақталған: «асыл шапанды асылмен астарла», «алтын шекпен ерге жарасар», «бөрік-адамға көрік» деген нақыл сөздер көшпелі ортаның киімнің эстетикалық талғамға сəйкестілігіне мəн бергенінің айғағы.

Халқымыздың ұлттық киімдерінің түрлері өте көп. Кең байтақ даламыздың табиғатына, ауа райына байланысты киім түрлерінде де ерекшеліктер бар.

Қорыта келе, ежелгі қазақ халқының киімдерін тігуге пайдаланған Өзбеқ шеберлерінің маталары аталмыш қолөнер дəстүрі мен оның өзіне тəн ерекшелігін сақтап, оюөрнектерінде қоршаған əлемнің жарасымы мен сұлулығын көрсете білді. Ондағы киімдердің сызбалары мен суреттерінен де оның қандай матадан тігілгенін аңғаруға болады.

 

 

  1. https://abai.kz/post/43748
  2. https://moluch.ru/archive/204/50036/

Тарихи романдардағы халық мәдениетін танытатын киім-кешек атаулары / Жазира Нурсултанкызы

  1. https://massaget.kz/kyizdarga/shayra/17720/
  2. https://kk.wikipedia.org/wiki

Қазақ ұлттық киімдер тігуге пайдаланған маталар

  1. https://informburo.kz/pikir/kainar-oljay/shay-men-shy.html
  2. https://www.gmirk.kz/images/pdf/kasteevskie-chteniya-2018.pdf
  3.  https://massaget.kz/arnayyi_jobalar/22-nauruz/17652/

 

 

Бекбердинова Гульнар Миғражқызы

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығының аға ғылыми қызметкері

 

«​Дәстүр» Ұлттық-этнографиялық журналы. 2021 ж. №3.

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …