• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
басылымдар ғылыми қызметкерлердің мақалалары Кенжина А.М. Көне мұралар сыр шертеді

Кенжина А.М. Көне мұралар сыр шертеді

Аңдатпа

Қолымызда бар  деректерге қарай отырып, ата-бабаларымыз  өздері  баққан   мал  өнімдерінен   жүннен, терісінен  әртүрлі  жеңілде,    жылы  киімдер  тігіп,  тоқығанын көреміз. Қолдан жасалған  шикізат  - теріні, былғарыны,   киізді, шұғаны,  пайдалануды,  қолдануды  мыңдаған  жылдар  бұрын  білгенін тағы бір атап өтсек артық болмас.

Аннотация

Судя по имеющимся у нас сведениям, мы видим, что наши предки изготавливали различную легкую, теплую одежду из шерсти, шкур животных. Еще раз подчеркнем, что кожу, войлок, сукно наши предки использовали еще тысячи лет назад.

Annotation

Judging by the information available to us, we see that our ancestors made various light, warm clothes from wool, animal skins. Once again, we emphasize that our ancestors used leather, felt, cloth thousands of years ago.

Түйін сөздер: музей, киім, тон, тымақ, қолөнер, жәдігер

Ключевые слова: музей, одежда, шуба, тымак, ремесло, экспонат

Keywords: museum, clothing, fur coat, timak, craft, exhibit

    

Музей қызметкерлерінің жалпы  жұмысы өскелең ұрпаққа заттық және рухани мәдениетті таныту, зерттеу және насихаттау.Салт-дәстүріміздің, әдет-ғұрыптарымыздың ерекшеліктерін оқып үйренуге музей қызметкерлері зор үлестерін  қосуда.Біздің этнографиялық музей-қорық қызмееткерлері  адам және табиғат қолымен жасалған көне заманнан келе жатқан жәдігерлерді жинақтап, сақтап, насихаттап және бұл мұраларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатыр.

Кез келген музей ішіндегі қорлық(фонды), көрме, ғылыми-ағартушылық жұмыстарының  барлығы музей жәдігерлеріне әкеліп тіреледі. Әрбір жәдігердің музейлік құндылығы бар.Жәдігерді музейге алған кезде заттың өзіне байланысты мәліметтерін, екінші оның айналасындағы ортаға қатысты мәліметтер көрсетіледі.

Мысалы, жәдігердің аты, көлемі, қолданыс орны, дайындалуы, түр-түсі, дайындау технологиясы. Екінші ол жәдігердің тарихы, оның шығу тегі, сол жәдігер қандай адамның қолынан алынды және оны қоршаған орта туралы мәліметтер жазылады. Музей жәдігері- ол дерек, музей құндылығы,музей қорына тіркелген, ұзақ сақталатын, мемлекет байлығы. Музей жәдігерлері ішінде үлттық киімдерге тоқталып өтсем.

Ұлттық  киім - ата - бабаларымыздан  қалған бай тарихи мәдени  мұра, оны  зерттей  келе  ежелгі  салт-дәстүрімізді, әдет- ғұрпымызды,  халқымыздың   хал – жағдайы,  тұрмыс-тіршілігі   туралы   кең  көлемде  оқып-біле  аламыз.  Кез  келген  өзге  мәдениеттегі  сияқты  қазақтардың  киімі  қоғамда    өндіріс пен мәдениеттің  дамуымен  байланысты өзгеріп отырған. Халқымыздың  киімі  құнды   қасиетке   толы.  Киім  - тұтыныс  бұйымы,  оның  негізгі  атқаратын  қызметі  біріншіден  адамды  қоршаған табиғи  ортаның  әсерінен  қорғау   болса,   екіншіден  ол адамның   келбетін  эстетикалық  жағынан  өзгертетін  сән  өнері.  Қазақ   киімдерінің  көшпелі  халықтарға  ғана   тән  сипаты   болды.  Олар  өздері  баққан   мал  өнімдерін  көбірек  пайдаланған.   Төрт  түлік  малдың  жүні  қазақ   халқының  өмір  тіршілігінде   үлкен  рөл  атқарған  және оны  қолдануды  мыңдаған  жылдар  бұрын  білген.   Мал  жүнінен  әртүрлі  жеңілде  де  жылы  киімдер  тігілген,  тоқылған. Қазақтар  сырт  киімді, аяқ  және  бас  киімдерді  жасау  кезінде    қолдан жасалған  шикізат  - теріні, былғарыны,   киізді, шұғаны,  пайдаланатын  еді.

Біздің музей-қорығымыздағы осындай көне, бағалы  жәдігердің бірі жарғақ тон туралы айтып өтейін.

 

Жарғақ тон біздің қорымызда  КП- 18 20513  номерімен тіркелген. Иленіп, әбден өңделген жұқа теріні қазақтар «жарғақ» дейді екен. Тік пішілген, иленген құлын терісінен тігілген. Қоңыр түске боялған, маусымдық сыртқы әйелдер киімі.  Жеңдерінің төменгі жағы, етегі және кеудеге дейінгі алдыңғы бөлігі түрлі-түсті матаның кең жолақтарымен жиектелген және өсімдік оюы түрінде түрлі-түсті жіптермен кестеленген. Ою-өрнек қос жақтауға салынған. Сонымен қатар, жарғақ тонның алдыңғы бойында және жеңдерінде сары түсті қос сызықтар тігілген. Ақ қозының терісімен етек жеңін, алдын жиектеп әсемдеген.

Материал: былғары,тері,түрлі-түсті жіптер,Техника: өңдеу, тігу, бояу, кесте. Өлшемдері: 118,5* 46. Мерзімдеу: 1940 ж.

Аңыз: затты 1930 жылы туған, Ұлан ауданы Екатериновка ауылында тұратын Арқарбай қызы Биғай тапсырған.

Қазақта «дос аяғына қарайды, дұшпан басыңа қарайды» деп  текке айтылмаған. Қазақтың ұлттық киім үлгілерінің ішінен  ең жоғары бағаланатыны- бас  киім. Қасиетті бас киімнен  байлықты, әдемілікпен сәнділікті көруге болады.  Ұлттық бас киім- тымақ,  әлемнің көп елдерінде таралған. Тымақ— ерлердің қысқы бас киімі, малдың,  аңның, терісінен тігеді. Ол биік төбелі, маңдайы, екі құлағы бар, желке, жотаны жауып тұратын артқы етектен тұрады. Сыртын берік және жақсы, қымбат маталармен тыстайды. Оның іші тері, сырты шағи, пүліш, барқыт, тағы басқа матамен тысталады. Тымақтың құлағы мен етегінің төбемен жалғасқан жерін милық деп атайды. Екі құлақтың сырт жағынан бастыра матадан жалпақ екі бау тағылады. Етегін төбеге қайырып қою үшін тымақтың артқы жағына тобылғыдан немесе арша сияқты берік ағаштан тиек жасап қадайды. Оны құрысқақ дейді. Тымақты кедейлер-сеңсеңнен, байлар бағалы терілерден тіккізген. Түлкі пұшпағы, сусар, құндыз терісінен жасалған тымақтар сәнді бағалы саналады. Түлкі тымақты қыста, пұшпақ тымақты жаз, күз маусымдарында киеді.

 Тымақтар терісіне,  қарай бота, сусар, елтірі, түлкі, барыс, бұлғын, жабағы, сеңсең, қарсақ, лақ терісінен тігілген тымақ деп те аталса, тігілуіне қарай әр түрлі аталады.

 Жаба салма тымақ - түлкі терісінен, сеңсеңнен тігіледі, құлағы мол, милығы кең, төбесі аласа болады.

Дөңгелек төбелі тымақ - төбесі иықсыз, милықты, жатаған келеді.

Шошақ төбе тымақ - төбесі иықсыз, үшкірлене биік етіп сырылады.Жекей тымақ - жаз бен күзде киетін әрі сәнді, сәнді де жеңіл етіп тігілетін елтірі тымақтың түрі. 

Тымақ – қасиетті баскиім, айырбастауға болмайды, оған аяқ тигізбейді.Тымақты атадан балаға мұра есебінде қалдырыпотырған.
Қазақта шала туған баланы тымаққа салып асырайтын дәстүр бар. Біреуге бас ұрғанда, кешірім сұраған кезде,тымақ тастап  бітімге шақырған екен.

 Біздің облыстық этнографиялық музей қорықта облысымыздың әр аудандарынан жинақталған  20тымақ сақталған.

Осы тымақтардың ішінде балаға арнап тіккен тымақты Райханова Төлеу Ақылжан қызы 1969 жылғы, Тарбағатай ауданының  Көкжыра ауылынан, руы «құттықадам» музейге өткізген.Тымақ Кп-84-38886 номерімен сақталған Тымақ-қыста киетін ер балаға арналған бас киімі. Төрт қырлы төбелі, үш сайлы, киізден тігіліп, қызыл түсті матамен қапталған.Маңдайы, екі құлағы, желке, жотаны жауып тұратын артқы етегі сусар терісімен көмкерілген.Маңдайын биіктігі 10см. Екі құлақтың сырт жағынан  қызыл түсті матадан  тігілген екі бау тағылған. Тымақтың іші сары түсті матамен қапталған.

Қолымызда бар  деректерге қарай отырып, ата-бабаларымыз  өздері  баққан   мал  өнімдерінен   жүнінен, терісінен  әртүрлі  жеңілде,    жылы  киімдер  тігіп,  тоқығанын көреміз. Қолдан жасалған  шикізат  - теріні, былғарыны,   киізді, шұғаны,  пайдалануды,  қолдануды  мыңдаған  жылдар  бұрын  білгенін тағы бір атап өтсек артық болмас.

                                          

Әдебиеттер:

1.А.Жүнісов «Фәниден бақиға дейін» - Алматы:Қайнар,1994

2.«Қазақстан ұлттық энциклопедиясы», Алматы

3. «Қазақ мақал-мәтелдері» Алматы «Ана тілі баспасы»1993ж

4. «Интернет» «Қазақтың ұлттық киімдері»-сайты

5. Ақселеу Сейдімбек-   Қазақ әлемі

6. Қазақ ССРҚысқаша энциклопедиясы 4том

7.Сейіт Кенжеаметұлы-Қазақ халқының салт-дәстурлері

8. Казахи-  Алматы: Казахстан 1995ж

9.Захарова И.В., Ходжаева Р.Д. Казахская национальная одежда (XIX –  XX в.). Алма-Ата: Наука. 1964. 178 с.;

10.Захарова И.В., Ходжаева Р.Д. Головные уборы казахов.Традиционная одежда народов Средней Азии и Казахстана. – М.: Наука, 1989. – С.204-227

 

Кенжина Алмагул Муслимкановна

Шығыс Қазақстан сәулет- этнографиялық

және табиғи - ландшафтық мұражай – қорықтың

 аға ғылыми қызметкері

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …