Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы * Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

  • Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
басылымдар ғылыми қызметкерлердің мақалалары Рахиева Н.Г. Музей - қорықтың қорындағы ағаш ыдыстар (шығыс қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей - қорық)

Рахиева Н.Г. Музей - қорықтың қорындағы ағаш ыдыстар (шығыс қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей - қорық)

Қазақ халқының этнографиясының ажырамас бөлігі – ол тұрмыста қолданылған, қазіргі күнге дейінгі жеткен бағасы теңдессіз жәдігерлер. Оның ішінде ыдыс-аяғы, көрпе-жастығы, аңшылық пен егіншілік құралдары да бар. Ағаш ыдыстар – халқымыздың тарихынан, тұрмысынан, этнографиясынан көптеген мәлімет береді. Осынау ыңғайлы ағаш ыдыстарды зерттей отырып, шеберлердің қандай ағашты қолданғаны, жасау технологиясы, қолдану аумағы сынды құнды мәліметтерді алуға болады. Ағаш ыдыстарды зерттеу, сипаттау, келер ұрпаққа жеткізу – біздің, музей қызметкерлері есебіндегі міндетіміз.

Кілт сөздер: қазақ этнографиясы, халық тұрмысы, ағаш ыдыстар, астау,ет табақ, ожау, жәдігер.

Қазақ халқының өмір-тіршілігінде ағаштан жасалатын бұйымдар кең таралған. Сонымен қатар, қазақтың бүтін музыкалық аспаптардың заты ағаш. Ертеде қазақтың баспанасы киіз үй сүйегінен бастап, қарапайым қасығына дейін ағаштан жасалып отырған. Ағаш бұйымдар ыңғайлы, пайдалануда тиімді, тұрмыстық зат есебінде ғана емес, сән үшін де қолданылып, биік өнер дәрежесіне жеткізілген. "Алтынмен аптап, күміспен қаптап" дегендей, әр әулет жағдайына қарай зерлеп, әшекейлеп жасалған дүниені тұтынып келген. Ерте кездері бұл өнердің иесін ұста, он саусағынан өнер тамған шебер деп құрмет тұтқан. Қазіргі күні бұл кәсіп  - қолданбалы сәндік өнер.

Негізі, бағзы заманда темір ыдыстардың аз кезінде даладағы малшы алдындағы қойын сауып жіберіп, отқа тасты қыздырып, ағаш тостағандағы сүтке қызып тұрған тасты салып жіберіп пісіреді екен. Мұны "қорықтық" болмаса "тас қорық" деп атаған. Қазақ халқының ет тартатын астау-табағы, құрт езетін астауы, сүт, қымыз құятын шарасы, шөміш, саптыаяқ секілді барлық ыдыс-аяғы ағаштан жасалған. Оның ішінде сыйлы, қадірлі қонағына ұсынатын ыдыс-аяқтың жөні бөлек. Кейінгі кездері ел ішінде осы дәстүрді ұстанатын

отбасылардың  қатары    көбейіп,   ағаш   бұйымдарды    күнделікті    тұрмысына қолдана бастады.

Ағаш бұйымдары табиғи зат болғаннан кейін таза ұстап, орнымен қолданса ұзақ жылға шыдас береді. Ата-бабаларымыз ағаштың түрін, жай-күйін өте жақсы білген, сонымен қатар ағаштан бұйым жасау технологиясын да меңгерген. Сондықтан, ыдыс-аяқты көбінесе ағаштың безінен, қатты жерінен жасап отырған. Ағаш ыдыс жарылып кетпеуі үшін оны майлап, май сіңіру керек. Сонда оның ішіне су сіңбейді. Екінші әдіс – оны құрсаулау. Күбінің, үлкен шара ыдыстың сыртын темірмен құрсаулап тастайды. Бұл да жарылып кетпеуден сақтайды және ыдыстың сырты, түбі әр затқа соғылып мүжіліп кетпесін дегеннен туған. Ағаш ұсталарының өздерінің арнайы құрал-сайманы бар. Олар ағаш шабатын шот, қашаудың түр-түрі, ыңғыру, үскі секілді құралдар. Бұрынғы уақытта ағашты иіу, жұмсартудың тәсілдері болған. Ертеде ағашты малдың қиымен араластырып, су құйып жерге көміп тастайды екен. Сол кезде ол қызады да, белгілі бір күйге жеткенде ағаш жұмсарады. Дәл осы сәтте қазып алып, тезге салып, өзіне қажетті қалыпқа иіп жасап алады. Міне, осындай күрделі әдіс-тәсілдердің арқасында бүгінгі күні адам баласының ойы жетпейтін дүниелерді жарыққа шығарып отырған.

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында өңірдегі ірі музейлердің бірі Шығыс Қазақстан облыстық сәулет – этнографиялық және табиғи – ладншафттық музей – қорығы орналасқан.Шығыс Қазақстан облыстық сәулет- этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей – қорығы өз тарихын 1968 жылдан бастау алады. Ол кезде Бутаково (ШҚО, Риддер қаласының маңында) ауылындағы сегіз жылдық мектеп жанынан ашылған шағын мектеп музейі болған. 1971 жылға дейін мектеп музейі статусын сақтаған. Осы кезден 2005 жылға дейін бұл шағын музей – Бутаково ұлттық музейі, Лениногорск музейінің филиалы, этнографиялық музей сынды статустарға ие болып, түрлі кезеңдерді басынан өткерген. 2005 жылы музей-қорық статусына ие болып, айта кеткендей бүгінгі күнге дейін келушілеріне өз қызметін ұсынып келе жатқан облыс аясындағы ең ірі музейдің бірі болып табылады.

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында орналасқан Шығыс Қазақстан облыстық музейінде қазақ халқының ағаш ыдыстарының түрлерінің мол қоры сақталған. Қазақ халқына тән астау, үлкенді-кішілі ет табақтар, ожау мен қымыз құятын шаралар, шелек, май шайқағыш күбілер мен саптыяқтар сақталған. Ағаш бұйымдар музей-қорықтың 1980 жылдардан бастап 2019 жылға дейінгі экспедициялар кезінде жинақталған. Яғни музей қызметкерлері осы жылдар арасында Шығыс Қазақстан облысының алыс-жақын аудан, ауылдарына үлкенді-кішілі экспедициялар жүргізген. Сол экспедициялар барысында музей қорына өте көп экспонаттар қоры жинақталды. Музей қорындағы астаулар саны – 23, ет табақтар саны - 13, ожаулар саны – 5, қымыз құятын шаралар саны – 2, тұрмыста қажетті шелектер саны – 2, май шайқағыш –     2.

Бұл бұрын тұрмыста қолданылған бұйымдардың таралу аумақтары сан түрлі болып табылады. Көпшілік аудан, ауылдарда ағаш ыдыстар және ағаштан жасалған бұйымдарды кеңінен қолданған. Яғни Шығыс Қазақстан облысы аумағы біршама жерді алып жатыр, соған қарамастан бір-біріне ұқсас және белгілі айырмашылықтары бар ағаш ыдыстар облыстың барлық аудандарында тараған. Көп жағдайда бір рудан тараған отбасыларда ұқсас ағаш бұйымдар кездесе береді, өйткені бір ауыл – аймаққа әдетте бір қолынан іс келетін шебер жасайды. Сонымен қатар ағаш бұйымдар жасалуы жағынан оңай әрі технологиясы канондық, яғни ет табақтар тек дөңгелек, астаулар тек ұзынша болып келуіне байланысты аса қатты айырмашылықтар табу мүмкіндігі төмен. Ет табақтар әдетте дөңгелек ағаш кесіндісінен жонып, табақ формасын келтіре, орнықты тұруы үшін төменгі бетін кішігірім шығыңқы тұғыр қылып жасайды. Астауларды ұзынша ағаш кесіндісінен жонып, құлақтарын шығыңқы, жақтарын дөңгеленте немесе тік төртбұрыштап, ет табақтарындай тұрақты тұру үшін шығыңқы тұғыр қылып жасайды. Яғни бұл бұйымдардың жасалу кезінде қолданылған ағаш түрі мен беріктігі, бұйым үшін қолданылған ағаш кесіндісінің көлденең немесе тік болуы, шеберлік деңгейіне қарай ғана бөліп жаруға болады. Музей – қорықтың қорындағы ағаш бұйымдардың дені музей ғимараттарындағы экспозицияларда, қалада орналасқан музейге қарасты Сол жағалық кешен территориясындағы этноауыл қазақ секторының қоныс үйлеріндегі көрмелерде қойылған. Ол бұйымдар ХVІІ ғасырдың аяғы ХІХ ғасырдың басындағы қазақ тұрмысынан сыр шертеді. Музей – қорық қорында бар ағаш ыдыстар ішіндегі ерекше ет табақтарға тоқтала кетсек. Ағаш бұйымдар ішіндегі ең көне жәдігердің бірін 1-суреттен көруге болады (1 сурет). Бұл ет табақ Семей қаласының тұрғыны Қожахметова Балшекер Нажмиденовнаның (1929 жылы туылған) иелігінде болған. Бұл көне ет табақ Балшекер апаға күйеуінің әкесінен қалған, яғни қайын атасының көзі болып табылады. Ет табақтың жасалу уақыты шамамен ХІХ ғасырдың І жартысы. Шамамен ХХ ғасырдың 70 жылдарында бұл ет табақты қайта жаңалап, жиектерін тоқсары бояумен жиектеп бояп шыққан. Бұл ет табақты 2008 жылы Шығыс Қазақстан облыстық архитектуралық-этнографиялық және табиғи- ландшафттық музей қорықтың қазақ этнографиясын зерттеу бөлімнің қызметкерлері Каирбековаға А.Р және Асыловаға Л.М. жәдігерлер жинау мақсатында Семей қаласы бойынша экспедиция-іссапар кезінде Қожахметова Балшекердің қызы музей қызметкерлеріне табыстаған. Қазіргі таңда бұл көне жәдігер музей-қорықтың ғимараттарының бірінде қазақ этнографиясы залдарындағы экспозициялардың бірінде қойылған.

 

 1-сурет.

Келесі ет табақтар көлемі жағынан кішірек, жасалу уақыты шамамен ХІХ ғасыр. Көп қолданыста болғандықтан ет табақтардың жиектері кертіліп, ағашы қарайған. Сурет – 2 және сурет – 3 осы ет табақтарды көруге болады. Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облыстық архитектуралық-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей қорықтың қорында сақталып тұр. Бұл ет табақтар Өскемен қаласының тұрғындары ата-әжелерінің көзі ретінде сақтап, кейіннен музей қорына өткізген.

 

 

 

 

2-сурет.

3-сурет.

Ет табақтармен қоса музей – қорықтың қорында астаулардың да бірнеше данасы сақталған. 4,5,6,7 суреттерде көрсетілген астаулар музей-қорықтың қорында сақталған. Жасалу уақыттары шамамен XIX  ғасырдың  іші. Қолданыста болған ағаш ыдыстар. Жұмыр ұзынша ағаштан қашап ұзынша қалыппен жасалынған. Астаулар музей-қорықтың экспедициялары кезінде және қала тұрғындарының өздерінің сыйға тартуы арқылы жинақталған.

 

 

 

 

4-сурет.

5-сурет.

   

6-сурет.

7-сурет.

Ал 8 және 9 суретте ағаштан жасалған қымыз құятын ожаулардың түрлері көрсетілген. 8 суретте көрсетілген ожауларды Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Асу-Булақ ауылының тұрғыны Дюсупова Бахты (1903 жылы туылған) музей-қорық қорына табыстаған. Бұл көне жәдігерлердің де жасалу уақыты ХІХ ғасыр шамаасында. Қолданыста көп болғаны сыртқы түрлерінен көрініп – ақ тұр. Ожау жиектеріндегі ағаштар барынша кертіліп, мүжілген. Ожаулардың біріннің сабында темірден салынған құрсауы бар. Ұзағырақ қолдану үшін, күш түсіп сынып кетпесін деп салынған болар.

 

8-сурет

  

 

9-сурет

 

Ағаш ыдыстар қазақ тұрмысы мен мәдениетінің бір бөлшегі болып табылады. Қолдануға және жасауға жеңіл. Көші-қонға, жүкке арттқанға да қолайлы. Музей – қорықтың қорында сақталынған ағаш ыдыстардың қоры Шығыс Қазақстан аумағында ағаш ыдыстардың таралуы мен сақталуының дәлелі. Музей – қорық ХІХ ғасырда жасалған бұл ағаш ыдыстарды көрме экспозицияларында, жылжымалы көрмелерде қазақ тұрмысының басты көрінісі ретінде қолданып келеді. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық архитектуралық-этнографиялық және табиғи – ландшафттық музей-қорықтың қазақ этнографиясы көрме залында болып жатсаңыздар ағаш ыдыстардың түр-түрін тамашалап көруге мүмкіндік туады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Ақбота Исламбек. «Сырлы аяқтың сыны кетпес». Ана тілі газеті. 04 тамыз 2016 жыл.

2. Бақытнұр Жұмаш. «Ұлттық ыдыс-аяқтар ұмытылып кетпей ме?». Оқу- әдістемелік құрал. Мемлекеттік тілді дамыту институты, 2017 жыл – 48 б.

 

 

ДЕРЕВЯННАЯ ПОСУДА ИЗ ФОНДОВ МУЗЕЯ-ЗАПОВЕДНИКА (ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКИЙ ОБЛАСТНОЙ АРХИТЕКТУРНО- ЭТНОГРАФИЧЕСКИЙ И ПРИРОДНО-ЛАНДШАФТНЫЙ МУЗЕЙ- ЗАПОВЕДНИК)

 

Рахиева Назым Гарифқызы

 

Неотъемлемой частью этнографии казахского народа являются экспонаты, использованные в быту, не имеющие аналогов по цене, достигнутой до наших дней. В том числе посуда, одеяла, охотничьи и сельскохозяйственные орудия. Деревянные сосуды-многое из истории, быта, этнографии нашего народа. Изучая эту удобную деревянную посуду, можно получить ценные сведения о том, какую древесину использовали мастера, технологию изготовления, площадь применения. Сохранение, описание и передача этих артефактов будущим поколениям — важная миссия, возложенная на сотрудников музея.

Ключевые слова: казахская этнография, народный быт, деревянная посуда, подставка, мясная тарелка, ковш, реликвия.

 

WOODEN TABLEWARE FROM THE FUNDS OF THE MUSEUM- RESERVE

(EAST KAZAKHSTAN REGIONAL ARCHITECTURAL, ETHNOGRAPHIC AND NATURAL LANDSCAPE MUSEUM-RESERVE)

 

Rakhieva N.G.

 

An integral part of the ethnography of the Kazakh people are exhibits used in everyday life, which have no analogues in terms of price, reached to the present day. Including dishes, blankets, hunting and agricultural tools. Wooden vessels are a part of the history, life, ethnography of our people. Studying these convenient wooden utensils, one can get valuable information about what kind of wood was used by masters, manufacturing technology, area of application. Preservation, description and transfer of these artifacts to future generations is an important mission entrusted to the museum staff.

Keywords: Kazakh ethnography, folk life, wooden utensils, stand, meat plate, ladle, relic.

REFERENCES

 

  1. Akbota Islambek. “The secret of the foot is not forgotten”. Ana tili newspaper. August 4, 2016.
  2. Bakhytnur Zhumash. “Are national dishes not forgotten?”. Educational and methodological tool. Institute for the Development of the State Language, 2017 – 48 p.
 

Рахиева Назым Гарифқызы

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи- ландшафттық музей – қорығының

қазақ этнографиясы бөлімінің этнолог-

маманы, Өскемен қ., Қазақстан

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …