Кілем тоқу – қазақ халқының ең көне қолөнерінің бірі. Кілем жасау өнері мыңдаған жылдар бұрын пайда болған және көшпенділердің өмірімен тығыз
байланысты. Киіз үйлер тоқылған және киізден жасалған бұйымдармен безендірілген және осы бұйымдар күнделікті тұрмыста қолданылған, қыз жасауы, тіпті әлеуметтік мәртебенің нышаны ретінде қызмет еткен.
Қазақтар үшін кілемжай ғана интерьер емес, жылулық, жайлылық пен отбасылық игіліктің белгісі. Кілемдердегі түрлі-түсті ою-өрнектер терең мағынаны білдіреді, яғни оларда ежелгі білім, дәстүр, табиғатпен байланыс, сондай-ақ ата-баба дүниетанымы астарланып бейнеленген. Әр жолақта, өрнекте және түсте халықтың тарихы, мәдениеті жатыр.
Шығыс Қазақстан ғасырлар бойы халық қолөнерінің, оның ішінде кілем тоқу орталықтарының бірі болды. Мұнда кілем жасау дәстүрі түпнұсқалығы мен бірегей ерекшеліктерін сақтай отырып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған.
Соңғы жылдары өңірде кілем тоқу өнері қарқынды дамып келеді. Облыс басшылығы халық қолөнерін жаңғыртуға, танымал етуге ерекше көңіл бөліп, шеберлерге көмек көрсетіп, ірі мәдени іс-шаралар ұйымдастыруда.
Кілем тоқудың маңызын көрсетілетін іс-шаралардың біріжыл сайынғы облыстық «Туған жер – алтын бесігім» фестивалі. Бұл шара халық шығармашылығын көрсететін маңызды алаңға айналып отыр.
Шығыс Қазақстан сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығында 352 кілем сақтаулы. Бұл жәдігерлер музей зерттеушілері ұйымдастырған этнографиялық экспедициялар кезінде жиналған.
Кілем тоқу Катонқарағай, Тарбағатай, Ұлан аудандарында кеңінен дамыды. Мұнда шеберлер бүгінге дейін бірегей кілемдер, киіз бұйымдар жасап, ежелгі технологияны қолданады.
6-7 наурыз күндері Өскеменде Жұмысшы мамандықтары жылы аясында «Ғасырлық дәстүрлер» кілем тоқу және сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының республикалық фестивалі өтеді. Оны мәдениет басқармасы, облыстық филармония, сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығы ұйымдастырады.
Фестивальдің мақсат-міндеттері – кілем тоқу дәстүрін насихаттау, шеберлерді қолдау, ел халқының рухани- мәдени тұтастығын нығайту, тәжірибе алмасу үшін арталаң құру, дәстүрлі қолөнер негізінде шығармашылық индустрияны дамыту.
Қолөнершілердің станоктары, иіру құралдары, ежелгі материалдар қолданылатын фестиваль дәстүрлі тоқымашылармен танысу үшін бірегей платформа болады. Көрермендердің назарына бірегей кілемдер, киіз бұйымдар, гобелендер, сәндік-қолданбалы өнердің басқа да үлгілері ұсынылады.
Фестивальге еліміздің түрлі өңірлерінен сәндік-қолданбалы өнер шеберлері, сондай-ақ халық шығармашылығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалар шақырылған. Фестиваль аясында көрмелер ұйымдастырылады, онда қолөнершілер өз бұйымдарын, жабдықтары мен материалдарын көрсетіп, шеберлік дәрістерін өткізеді.
Фестивальге еліміздің белгілі шеберлері – Қолөнершілер одағының құрметті мүшесі Тамара Кәпқызы (Алматы облысы), Қазақ ұлттық университетінің профессоры, Суретшілер одағының мүшесі Гүлжанат Қабижанова (Алматы қаласы), сәндік-қолданбалы өнер шебері Ғалия Рысқалиева (Атырау облысы), «AlánsQolóner» қолөнершілер бірлестігінің мүшесі Әсел Дауылбаева (Жамбыл облысы), Қолөнершілер одағының мүшесі Камаш Төлеубаева (Қарағанды облысы), Шығыс Қазақстаннан Ксения Лещенко, Надежда Ионова, Ошан Шәкерман, Ергүл Тоқай, Сайлан Мұхаметбек, Гүлнар Қожамжарова, Дилинур Исмаилова, Динара Әсетқанова қатыспақ.
Жұмыстарды Қолөнершілер одағының төрағасы Айжан Бекқұлова (Алматы қаласы), сәнгер, Tarbiyabrend сән үйінің жетекшісі Тарбия Айдымбаева, «Urshuk» республикалық қоғамдық ұйымының төрайымы Бибігүл Карденова, ШҚО қолөнершілер орталығының жетекшісі Райса Мұхамеджанова, Суретшілер одағының мүшесі Күләш Ақашова сынды сарапшылар бағалайтын болады.
«Ғасырлық дәстүрлер» – жай ғана фестиваль емес, мәдени мұраны сақтау және болашақ ұрпаққа беру мүмкіндігі. Ол шеберлерге өз талантын көрсетуге, тәжірибе алмасуға, серіктестер мен сатып алушылар табуға кө- мектеседі.
Н.Ахметжанов, Шығыс Қазақстан сәулет- этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығы директорының міндетін атқарушы