• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта

Кесте

Қазақ кестесінің негізі көнеден басталады. Ғұндардың молаларынан (б.д.дейін) табылған түрлі үлгіде кестеленген жапқыштардағы қолданылған өрнектер стилі жағынан ғана емес, ою-өрнекті құрастыру тәсілдері жағынан да қазіргі қазақ кестесімен өте ұқсас болып келеді.

Кесте – қазақтың қолданбалы өнерінде кеңінен тараған және ең сүйікті түрлерінің бірі. Ұлттық кестенің бес түрі бар.

- «біз кесте» - бізбен түсірілетін тігіс

- «шым кесте» - инемен түсірілетін тігіс

- «баспа» - бекітілген және бекітілмеген тығыз тігіс

- «тігу» - үзілмеген және үзілген түрде қайып тігу

- «шалма», «шырыш кесте» - екі қатарлы тігістің түрлі атауы

Кестекергішке керілген матаға шым кестемен кестеленеді, ал басқа тігістер – бос матаға  инемен түсірілген.

Киізге, мақта матаға, мәуітіге, барқытқа және жібекке кесте салған. Шығыс Қазақстанда көлемді бұйымдарға кесте түсіру кеңінен тараған.

- тұскиіз – киіз үйдің ішін немесе қонақ бөлмені безендіріп тұратын панно. Оның көлемі мына мөлшерде: ұзындығы 200-ден 350 сантиметрге дейін, ені – 120 сантимерден 160 сантиметрге дейін болған.

- сейсеп –қабырғалық панно ретінде де қолданылатын жапқыш.

- перде – киімдердің үстін жауып тұратын шымылдық. Оның көлемі: ұзындығы – 150 сантиметрге дейін, ені 100 сантиметрге дейін болған, жоғарғы жағына ою-өрнек кестеленген.

- шымылдық – төсекті қалқалап тұрған жапқыш, ол екі бөлік матадан тұрған. Оның жоғарғы тұсы ою-өрнекпен әшекейленген.

Жастықтардың тысы, аттардың жабуы, кеселер мен ыдыс-аяқты сақтауға арналған кесеқаптар мен аяқкаптар, сүлгілердің шеті кестемен әшекейленген, басқа кестелерден олардағы айырмашылық, мұнда зооморфтық, негізінен мүйізді өрнектер қолданған.

Қазақ әйелдері,  сонымен бірге әйелдер киімінің түрлі бөліктерін: жеңін, жағасын, етегін және көйлектің кеуде тұсын, камзолды, белдемшені, сәукелені, тұрмыстағы әйелдердің бас киімдерін, халаттарды, жейденің жағасын, тақияны және т. б. кестелеген.

Жайнамаз. Мақта мата, мулине, шым кесте ХХ ғасыр ортасы Сүлгі. Мақта мата, мулине, тығыз кесте ХХ ғасыр
Сүлгі. Мақта мата, мулине, шым кесте және тығыз кесте ХХ ғасыр Сүлгі. Мақта мата, мулине, шым кесте ХХ ғасыр
Тұскиіз. Мақта мата, мулине, аппликация, шым кесте ХХ ғасыр
 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …