Мұражай-қорықтың Солжағалық кешеніндегі Үлкен көрме павильонында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойына арналған «Біз бірлігімізбен қуаттымыз» атты көрме өтуде.
Көрме негізінен бөлім қызметкерлерінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша жергілікті тұрғындармен жұмысы және ғылыми экспедициялар нәтижесінде жинақтаған Қазақстан халықтарының сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарынан тұрады. Кейбір жәдігерлер Қазақстан аумағында жұмыс істеп тұрған консулдықтар мен елшіліктерден, мәдениет және өнер қайраткерлерінен, мұражай-қорықтың қонақтарынан әр жылдары алынған.
«Біз бірлігімізбен қуаттымыз» атты кең көлемді көрме көпұлтты Қазақстан халқының және Оңтүстік Корея, Қытай, Иран, Үндістан, ОАР шет елдері өкілдерінің бай дәстүрі мен мәдениетін паш етуге арналған.
Фотосурет Алексей Мазницин
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|