12 сәуір күні, «Алтай» көрме залында орыс этнографиясы бөлімі әзірлеген «Орыс сүлгісі» атты көрме ашылды. Көрмеде музей-қорық қорынан алынған екі жүзге жуық сүлгілер ұсынылған. Көрменің салтанатты ашылуына «Бастеньки» ансамблі және «Прялица» балалар фольклорлық ұжымы қатысты.
«Орыс сүлгісі» жобасы қолөнерге арналған тақырыптық көрмелер сериясын жалғастырды. Музей-қорық директоры Медет Нұрғалиев «Алтай» көрме залының қатысушыларын құттықтай отырып, бұл іс-шара Ғарышкерлер күнінде өтіп жатқанын атап өтті. Медет Нұрмолдаұлы: «Көрменің мақсаты – сүлгіні тарихи ескерткіш, тарихи-этнографиялық бастау, сәндік-қолданбалы өнер және халық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының ажырамас бөлігі ретінде көрсету» - деді.
Шынында да, славян мәдениетінде өткізілетін көптеген отбасылық-тұрмыстық жоралғылардағы сүлгінің орны ерекше. Орыс этнографиясы бөлімінің меңгерушісі Александр Яковлев Алтай ақыны Николай Гайдуктың «Сүлгіге тағзым ету» одасын оқыды.
Барлық қауымға қонақжайлылық белгісі ретінде сүлгімен нан - тұз ұсынылды. «Бастеньки» және «Прялица» ұжымдары қалыңдық пен күйеудің қолдары сүлгімен жабылатын үйлену тойының үзіндісін көрсетті. Ал, көрме залында көрермендерге орыс сүлгісінің әлемі көрсетілген. Бірнеше жыл бойы халық шығармашылығының бұл туындылары Шығыс Қазақстан қалалары мен ауылдарында жиналған. Мұнда ақ кенептен жасалған, кестемен безендірілген сүлгілер бар. Танымал нанымдардың арқасында ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа берілген, сүлгідегі ою-өрнектің салттық рөлі күшейе түсті. Александр Яковлев түсіндіргендей, біздің аймақтағы ою-өрнектің негізгі түрлері свастика және ромб болып табылады - олар «төртбізді» және «репей» деп аталды. Бұл өрнектер – жақсылық пен берекенің күшіне ие болды, адамды зұлым күштерден қорғаған. Он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысында қалалық сән үлгісінің әсерімен шаруалық кестеде айқаспа кестемен жұмыс істеу техникасы таратыла бастады. Көрмедегі ескі өрнектермен безендірілген сүлгілердің арасында «сабынды өрнектер» де бар. Олар «Brokar and Co серіктестігі» шығарған иіс сабын орамасындағы өрнектен көшірілген. ХХ ғасырдың басында Ресейде танымал болған парфюмерия компаниясы кеңінен қолданылған орыс стиліндегі «крест» кестесінің сызбасын сабын қаптамаларында жарнамалық мақсатта басқан.
«Орыс сүлгісі» көрмесі 2019 жылғы маусым айының соңына дейін М.Горький, 59 мекен-жайында орналасқан «Алтай» көрме залында өтеді.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|