Қ. Қайсенов көшесі, 67 мекенжайында Қазақстан Республикасы ұлттық валюта күніне арналған «Теңге. Тәуелсіздік символы» атты көрме ашылды,
1993 жылы Қазақстан өмірінде шынымен де тарихи оқиға болды. Бұл күні ел жаңа валютаға ие болды. ҚР Президентінің 1993 жылдың 12 қарашасындағы Жарлығымен 1993 жылдың 15 қарашасынан бастап Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық валюта – теңге айналымға енді. Содан бері бұл күн Ұлттық валюта күні болып саналады. Ал теңге болса Елтаңбамен, Әнұранмен және Тумен қатар Тәуелсіз Қазақстанның экономикалық және қаржылық символына айналды. Алғашқы ұсақ ақша – тиындар банкнот түрінде жасалды, ал кейінірек металл монеталарға ауыстырылды. 1995 жылы Қазақстанның мәдени және тарихи мұраларын кеңінен паш ету мақсатында мерейтойлық және естелік монеталар шығарыла бастады.
Көрмеде қағаз тиындар, алғашқы монеталар, мерейтойлық монеталар, 1993 – 2017 жылдарғы үлгідегі банкноттар, мерейтойлық банкноттар және 1990-шы жылдардағы жергілікті ақшалар қойылған. Ондағы барлық жәдігерлер музей-қорық қорынан және жеке топтамалардан алынған.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
Суретті түсірген Алексей Мазницын.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|