Абай мен Пушкин – қазақ және орыс ұлттық рухының шоғырланған көрінісі. Сонымен қатар уақыт осынау бір поэтикалық және философиялық ерекше құбылыстың ғаламдық сипатқа ие екендігін көрсетті. Пушкин «адамдардың жүректерін сөзбен жандырды», Ал Абайда бұл ретте «Сөз патшасы» билік етті.
Девятов. Абай Құнанбаевтың Жидебай көрінісінің тұсындағы портреті, кенеп, майлы бояу. 1954 жыл
«Абай мен Пушкин. Мәдениеттер диалогы» көрмесінде Абайдың өлеңдері, Қара сөздері, абайтанушылық әдебиет, Девятовтың, З.Назыровтың, Э.Чубуктың картиналары, Ю.Хабаровтың акварельдік туындыларының көшірмелері, Абайдың туған жерінің, ұлы ойшыл достарының, серіктестерінің фотосуреттері мен иллюстрацияларының көшірмелері мен исламға байланысты заттар назарға ұсынылған. Шығыс Қазақстандағы көрнекті абайтанушыларға, белгілі орыс және шетел авторларының Абай аударған шығармаларына арналған бөлімдер бар.
Абайдың А.С.Пушкин шығармашылығына көп назар аударуына байланысты орыс әдебиеті классигінің өмірі мен шығармалары туралы сыр шертетін көрнектер жайғастырылған.
Мұхтар Әуезов (1897 – 1961) – жазушы, көпұлтты әдебиет классигі, ғалым, Қазақ КСР ҒА академигі (1946), филологиялық ғылымдар докторы, профессор (1957), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957), Лениндік сыйлықтың (1959), КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1949) лауреаты.
Семей облысының тумасы. Семей қаласындағы мұғалімдік семинарияны (1919), Ленинград университетін (1928), Ташкент қаласындағы орта Азия университеті шығыстану факультетінің жанындағы аспирантураны (1930) тәмамдаған. Әуезовтың шығармашылығы қазақ драматургиясының, сахналық өнерінің дамуында айрықша роль атқарды. «Абай жолы» атты әлеуметтік-тарихи роман-эпопея Әуезов шығармашылығының шыңы болып табылады. Роман әлем халықтарының 30 тіліне аударылып, «Библиотека мировой литературы» сериясында жарық көрді (М., 1971 ж.). Әуезов – қазақ әдебиеттануындағы жаңа сала – абайтанудың негізін қалаушы, қазақ әдебиетінің қалыптасуы мен дамуына орыс рухани мәдениетінің және Шығыс әдебиетінің жасаған ықпалдарын зерттеуші. Ленин орденімен, басқа да орден және медальдармен наградталған.
Қайым Мұхамедханов (1916 – 2004) – ғалым, абайтанушы, ұстаз, профессор, жазушы, драматург, ақын, аудармашы. Қазақ КСР-і Елұраны мәтінінің авторы (музыкасы М.Төлебаевтікі), (1945 ж.). 1940 жылдан бастап КСРО Жазушылар одағының мүшесі. Семейдегі Абай мұражайын құрушы. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Абай Халықаралық Академиясы (Лондон) Алтын Медалінің иегері. Қазақстан Жазушылар одағы Халықаралық Абай сыйлығының бірінші лауреаты. Қазақстан Жазушылар одағының »Алаш» халықаралық әдеби сыйлығы № 1 медалінің иегері. Қайым Мұхамедхановтың есімі республикада абайтанудың негізін қалаушылардың бірі ретінде белгілі. Ғылыми-зерттеушілік қызметінің алғашқы күндерінен бастап ол Абай туралы, Абай кезіндегі ақындар туралы материалдарды шым-шымдап жинады. 1951 жылы «Абайдың әдеби мектебі» тақырыбындағы кандидаттық диссертацияны ойдағыдай қорғады, «Абай төңірегіндегі ақындар», «Абай шығармаларының мәтіндері» атты монографиялары, көптеген ғылыми мақалалары ұлы Абай өмірі мен шығармашылығын, оның шәкірттері мен ізбасарларын зерттеу саласына қосқан қомақты үлес болып табылады.
Роллан Сейсенбаев 1956 жылы 11 қазанда Семей қаласында дүниеге келген. Семей инженерлік-технологиялық институтын, М.Горький атындағы Әдеби институт жанындағы Жоғары әдеби курсты тәмамдаған. 1975 жылы жазушы Г.Марковтың шақыруымен Мәскеуге қоныс аударды. 1999 жылдың желтоқсан айында Семейде Р.Сейсенбаевтың қатысуымен Абайдың Халықаралық клубы ашылды. Ол «Аманат» әдеби альманахын шығара бастады. «Абай және ХХІ ғасыр» Халықаралық клубының президенті болып табылады, Колумбия университеті сыйлығының лауреаты, Жазушылар одағының мүшесі, Бүкіл дүниежүзілік өнер және мәдениет академиясының академигі.
2006 жылдың қазан айында Р.Сейсенбаев «Польша алдында сіңірген еңбегі үшін орден» офицерлік кресімен наградталды. Бұл Польшаның жоғары наградаларының бірі, оны ел Президенті жыл сайын басқа елдердің ең лайықты азаматтарына береді. Қазақстанда поляк әдебиетін шығарғаны үшін Роллан Сейсенбаев осы жоғары наградаға ие болды. Сейсенбаевтың «Егер өмір сүргің келсе», «Сайтанның тағы», «Адасқан айқай» атты шығармаларын оның талантына бас иетін миллиондаған оқырмандар оқыды, олар планетамыздың түкпір түкпірлерінде тұрады. Жазушының кітаптары әлемнің түрлі тілдеріне аударылды.