Көрменің ашылуы 2013 жылдың 15 наурызында М.Горкий көшесі,59 ғимаратта сағат 15.00-де басталады.
Павлодарлық суретшілердің «Туған жер құшағында» атты көрмесі Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстары арасындағы өңіраралық әріптестік шеңберінде ұйымдастырылып отыр.
Павлодар облыстық көркемсурет музейі графика мен кескіндеме жанры бойынша 16 суретшінің туындыларын ұсынуда. Олардың арасында Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшелері, Қазақстан Республикасы Өнер Академиясының академиктері бар.
Павлодар өңірлік бейнелеу өнерінің елу жылдан астам тарихы бар.
Осы жылдар ішінде павлодарлық суретшілер терең кәсіби тәжірибе негізідерін қаласа, тәуелсіздік жылдарында – рухани еркіндік пен шығармашылықтың жаңа көкжиектерін ашты.
Қажыбек Баймулдиннің кескіндемелік шығармалары гармониялық әлем тұтастығының белсенді жеке танымымен қызықтырады. Суретшінің колористік ізденістері түстердің күрделілігі мен үндес тұтастығында көрініс тапқан. 2000-жылдардың алғашқы он жылдығында Қ.Баймулдин ұлттық-эпикалық дәстүрлерге аса көңіл бөледі.
Өсербай Шоранов XX – ғасырдың басы мен XXI ғасыр - қазіргі заманғы Қазақстан көркемөнерінде беделді орны бар павлодарлық суретшілер шоғының қатарында. Өсербай Шорановтың кескіндемелік әлемі, бұл – қазақ халқының мәдени мұрасының бүгіні мен кешегісінің үйлесімді байланыс әлемі. Өсербай Шорановтың шығармаларында философиясы мен поэтикасы тәмамдалған әлемнiң терең дара тұжырымдамасы құрылған. Түп-тамыры қазақ халқының мәдени мұрасымен байланысып, шығармашылық үлгісі қазіргі заманға лайықталған суретші өнерде тұлға ретінде қалыптасқан жан.
Ғалым Қаржасов кескіндемелік тақырыбын сюжетті символдық түйіндеу мен оны ырғақты бейнелеуді ертеден айқындады. Модерннің көркемдік заңдылықтары мен ұлттық оюлар үйлесімі Ғалым Қаржасовтың шығармашылығында көркемдік негізге айналды 2000-жылдардағы кескіндемелік шығармалар Ғалым Қаржасовты қазіргі заманғы Қазақстанның алдыңғы қатарлы кескіндемешісі деп атауға мүмкіндік береді.
Андрей Оразбаев көне мен жаңа арасында таңдау жасай алу мүмкіндігі бар жас суретшілердің қатарында. Суретші ойының қалыптасуында индуизмге деген айтарлықтай көзқарасында көрініс тапқан шығармашылық және интеллектуалдық ізденісі маңызды роль атқарды. Суретшінің шығармашылығының негізі болып табылатын символикалық шығармалар. Оның ерекшелігі терең философиялық толғануында, сюжеттердің күрделілігінде, композициялық ықшамдылығы мен түйінділігінде, сызықтарының әсемділігі мен анықтылығында.
Бота Машрапов монументальдық ескерткіштер жасап, мүсіндемемен белсенді айналысты. Бота Машраповтың кескіндемелік стилі бірден қалыптасқан жоқ. Суретшінің туындылары, ол – қазіргі заман мен отанының тағдыры жайлы ойлардың нәтижесі.
Валерий Приходько 2000-жылдарыдан бастап кескіндемесіне бейнелі тұжырымдамасын енгізеді Суретшіні аңыздар, таурат сарындарының метафоралары, кеңiстiк пен уақыттың шиеленесу себептерi мен қайшылықтары қызықтырады.
Реалистік мектебінің дәстүрінде кескіндемешілер Зоя Соболева, Камиль Катлеев, Қарасай Нұркенов, Сейсен Тіленбаев, Тұрат Төлеевтер портреттер жазып, Баянауылдың, Ертіс өңірінің табиғатын бейнелейді. Валерий Шпиевтің кескіндемедегі шығармашылық ізденістері ерекше.
Павлодардың ерекше баспа графикасын Виктор Поликарповтың шеберлігі паш етеді. 1989-1998 жылдары Поликарпов «Павел Васильевтің поэзиясына» атты офорт техникасында үлкен сериялық жұмыстарын жасады.
Павлодарлық суретшілердің туындыларында бағыт мен мәнердің алуан-түрлілігімен, философиялық-бейнелердің нақты шешім табуымен, тарихпен тығыз байланысуымен сипатталады.
Олардың қолтаңбасы – жанрлардың алуан-түрлілігімен, жаңа техникалық тәсілдерді енгізуімен, шығармашылық, көзқарас еркіндігімен ерекшеленеді.
/>
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|